Жарияланған күні: 25.05.2017 18:09
Өзгертілген күні: 25.05.2017 18:12

 

Салық зандылықтарындағы және басқа да нормативті-құқықтық құжаттардаға өзгерістер бойынша семинар

 

2017 жылдың 23 мамырында Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті  салық төлеушілерге төмендегідегі тақырыптарға семинар өткізілді:

  1. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»;
  2. «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясын өткізу;
  3. Алкоголь өнімдерін сақтау және сату бойынша қызмет жүргізуге жыл сайынғы лицензиялық алым бойынша ақпарат;
  4. 2017 жылдың 1 мамырынан бастап салық зандылықтарындағы өзгерістер.

 

Аударымдар мен жұмыс берушінің жарналарын, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіпқой медиаторлар мен азаматтық-құқықтық сипаттағы табыстар алатын жеке тұлғалар бойынша  бастапқы Қор 2017 жылдың 1 шілде айынан бастап жүзеге асырылатын болады. Ақша жұмыс берушілермен меншікті қаражатымен, қызметкерлерге төленетін табысы есебінен аударылады.

Семинар барысында салық төлеушілерге салық кодексіне және басқа да нормативті-құқықтық құжаттарға енген кәсіпкерлікке жағдай жақсартатын өзгерістер туралы баяндалды. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 1-мамырынан күшіне енген толықтыруларға сәйкес, ҚҚС бойынша есепке тұру және шешу тәртібі өзгерді. ҚҚС бойынша есепке тұру үшін арызды тек қағаз түрінде ғана емес, сонымен қатар электронды форматта тапсыруға болады. Осы орайды, бұған дейін талап етілген бірінші басшының суреті енді қажет емес. Мемлекеттік кіріс органы салық арызы қабылдадған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде салық төлеушіні ҚҚС есебіне қояды. Бұл ретте, арыз берген тұлғалар ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою арызы берілген күннен бастап ҚҚС төлеушісі болып саналады.

Сонымен қатар салық төлеушілерге алкоголь өнімдерін сақтау және сату бойынша қызмет жүргізуге жыл сайынғы лицензиялық алым және «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясын өткізу басталғаны туралы ақпарат және  2017 жылдың 1 мамырынан бастап салық зандылықтарындағы өзгерістер ұсынылды.