Жарияланған күні: 27.04.2015 19:18
Өзгертілген күні: 14.06.2018 13:21

Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына 2018 жылға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 2018 жылдың 27 наурызынан бастап «Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына 2018 жылға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» 2018 жылдың 14 наурыздағы         № 122 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қолданысқа енгізіледі (2018 жылдың 16 наурыздағы № 52 (29283) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған), сондай - ақ  арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына 2018 жылға арналған ең төмен бөлшек сауда бағалары литріне 1 900 теңге мөлшерінде белгіленгенің хабарлайды.

 

Алкоголь өнімдерін оның аумағында өндіру сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу қызметінен басқа алкоголь өнімдерін сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу қызметіне лицензия алу үшін ЖАДНАМА

 

 

Жеке және заңды тұлғаларға ҚАЖЕТ:

 

1.ЗТ және ЖТ  Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе сыртқы портал «E-gov» арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген нысан бойынша Өтініш ұсыну.

 

Алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме саудада өткізу қызметіне лицензия алу үшін заңды және жеке тұлғалар өтінішті өздерінің тіркелген жеріне береді және лицензия қызмет түріне, нақты мекен-жайға беріледі. Лицензия – басыбайлы берілмейді.

Алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада өткізу қызметіне лицензия алу үшін өтінішті объектінің тұрған жеріне береді. Лицензия – басыбайлы беріледі.

 

    Назар аударыңыздар:

 

Лицензияның басыбайлы берілуі – егерде объектінің меншік иесі басқа заңды немесе жеке тұлғаға өзгерсе (сатып алса, сыйға тартса), лицензия біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексерілместен қайта ресімделіп беріледі.

 

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы мамыр айының 16 жұлдызындағы № 202-V «Хабарламалар мен рұқсаттар туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы қаңтар айының 30 жұлдызындағы №60 «Біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес алкоголь өнімдерін сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу қызметіне лицензия алу үшін қажет құжаттар тізбесі бар.

 

2. ЗТ және ЖТ. Қажет құжаттардың тізімдемесі (лицензиат жасайды).

3.  ЗТ. Өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен куәлігі (көшірме);

4. ЖТ. Жеке бастың куәлігінің көшірмесі);

  Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен куәлігі (көшірме).

5. ЗТ және ЖТ. Жекелеген қызмет түрімен айналысу үшін төлеген лицензиялық алымды растайтын құжат, тұрғылықты жері бойынша КБК 105402.

Алкоголь өнімдерін көтерме саудада өткізу қызметіне лицензия алу үшін лицензиялық алым 200 АЕК (1 АЕК- 2121 тенге).

Алкоголь өнімдерін бөлшек саудада өткізу қызметіне лицензия алу үшін лицензиялық алым әкімшілік - тұрғылықты аумағына байланысты төленеді:

  Астанада, республикалық және облыстық мәнділігі бар қалаларда - 200 АЕК (212 100 тенге);

  Аудандық мәнділігі бар қалаларда және кенттерде - 70 АЕК (148 470 тенге);

   Ауылдық елді мекендерде - 30 АЕК (63 630 тенге).

 

Назар аударыңдар:

ҚР Салық Кодексінің 472 бабы 2, 3 тармақтарына сәйкес алкоголь өнімдерін сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу қызметіне лицензия алған салық төлеушілер ағымдағы жылдың шілде айының 20 жұлдызына дейін әр объекті үшін жыл сайынғы лицензиялық алымды төлеп тұрады, бірінші жылғы лицензия алғаннан басқалары.

 

Жауапкершілік:

             Қазақстан Республикасының «Бюджеттік міндетті төлемдер мен басқа да салықтар туралы» Кодексінің белгіленген мөлшерде және уақытында жыл сайынғы лицензиялық алым төленбесе - кіші кәсіпкерліктің субъектілеріне – жүз елу АЕК мөлшерінде, орта  кәсіпкерліктің субъектілеріне – екі жүз АЕК мөлшерінде, ірі  кәсіпкерліктің субъектілеріне – жеті жүз айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде айыппұл салынады және қызмет түріне сай лицензияның қызметін тоқтатады.

 

ЗТ және ЖТ. Тіркеуші мекеменің тіркегені туралы белгісі бар құқық анықтаушы құжаттың көшірмесі, ақпараттық жүйенің қатысымен құқықтық кадастрды тіркеген жағдайда - тіркегені туралы хабарламаның көшірмесі (жалға алған шарттың көшірмесі немесе өтеусіз пайдалану шарты).

       ЗТ және ЖТ. Мәдени демалыс мекемелерінде, сауда нарығында, автокөлік бекеттерінде, физкультуралық-сауықтыру, спорттық және спорттық –техниқалық ғимараттың, білім, денсаулық мекемелерінің аумағында, көтерме нарығында, базар аумағында емес орналасқан тұрақты мекен-жай үйдің құжатының көшірмесі (тұрақты үйге техниқалық паспорттың көшірмесі, ХҚКО анықтамасы).

Назар аударыңдар:

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы желтоқсан айының 15 жұлдызындағы «Мәдениет туралы» Заңының 27 бабына сәйкес мәдени демалыс мекемелерге мыналар жатады демалыс және мәдени парктер, мәдени ошақтар, орталықтар, халықтық мәдени орталықтар.

 

8. Қосымша бойынша көрсетілетін мәліметтердің нысаны:

а) жадысы бар бақылау- кассалық аппарат туралы мәлімет.

б) Бірлік өлшемді қамтамасыз ететін мемлекттік жүйенің талаптарына сәйкес тексеруден өткен, алкогольдік өнімдердің сақталуын, температуралық режимін бақылайтын құралдың барлығын растайтын мәлімет(cертификат, есеп-шот, тексеру кестесі).

в) Коммунальдық құрылымның барлығын көрсететін ақпараты бар мәлімет (тұрғылықты жайды суменжабдықтау, электро энергиямен жабдықтау).

9. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау туралы» Заңының 10 бабына сәйкес лицензиар лицензия алуға өтініш берушінің құжатын тіркеген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде басқа да бақылау жолымен объектінің біліктілік талаптарға сәйкестігін анықтайды.

10. Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында сақтау, көтерме және болшек саудада өткізу қызметінен басқа алкоголь өнімдерін сақтау, көтерме және болшек саудада өткізу қызметіне лицензия өтініш берген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде беріледі.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы мамыр айының 16 жұлдызындағы № 202-V «Хабарламалар мен рұқсаттар туралы» Заңына сәйкес алкоголь өнімдерін өткізуді тоқтату үшін лицензиат өз еркімен лицензиарға лицензияның қызметін тоқтатуға өтініш жасау керек.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы мамыр айының 16 жұлдызындағы № 202-V «Хабарламалар мен рұқсаттар туралы» Заңының 35 тармағына сәйкес лицензия және лицензияның қосымшасы мынадай жағдайда қызметін тоқтатады:

  1. Берілген уақыты өтіп кетсе;
  2. Белгілі бір көлемді атқару үшін берілген болса;
  3. Лицензия және лицензияның қосымшасы жойылса;
  4. Заңды тұлға таратылса, жеке тұлға өз қызметін тоқтатса;
  5. Лицензиат өз еркімен лицензиарға лицензияның қызметін тоқтатуға өтініш жасаса;
  6. Заңның 1 қосымшасынан жекелеген қызмет түрінен немесе лицензияны алып тастаса;
  7. Лицензиатты лицензия берушілердің тізімінен алып тастаса;
  8. Қазақстан Республикасының басқа заңдарында қарастырылған жағдайда.

 

 

                 11. Лицензияның қызметі тоқтаған кезінде лицензиат 10 жұмыс күні                     

                       ішінде лицензияны және лицензияның қосымшасын лицензиарға  

                       қайтарып беру керек, немесе 6 тармақшада және 7 тармақшада   

                       қарастырылған негізде лицензия және лицензияның қосымшасы 

                       қызметін тоқтатса немесе лицензия тек электронды нысанда

                       ресімделген болса. Қызметі тоқтаған лицензияны ағымдағы

                       жылдың желтоқсан   айының 31 жұлдызына дейін тапсыру қажет.

                 12. ҚР Салық Кодексінің 472 бабы 2, 3 тармақтарына сәйкес    

      алкоголь өнімдерін өндіру аумағында сақтау және көтерме

     саудада өткізу қызметінен басқа алкоголь өнімдерін сақтау,

     көтерме және бөлшек саудада өткізу қызметіне лицензия алған     

     салық төлеушілер лицензиялық алымды лицензиарға құжаттарды    

     тапсырғанша төлейді. Алкоголь өнімдерін сақтау, көтерме және

     бөлшек саудада өткізу  қызметіне лицензия алған салық

     төлеушілер ағымдағы жылдың шілде айының 20 жұлдызына

     дейін әр объекті үшін жыл сайынғы лицензиялық алымды

     төлеп тұрады,  бірінші жылғы лицензия алғаннан басқалары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы бөлім

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциз салынады

Акцизделетін тауарлар болып табылады:

1) спирттiң барлық түрлерi;

2) алкоголь өнiмi;

3)  темекi бұйымдары;

4) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны;

5) микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателiнiң көлемi 3000 текше сантиметрден асатын моторлы көлiк құралдары;

двигателiнiң көлемi 3000 текше сантиметрден асатын, адамдар тасымалдауға арналған жеңiл автомобильдер және өзге де моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа);

двигателiнiң көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргiзушi кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиіндегі моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);

6) шикi мұнай, газ конденсаты.

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім.

 

Салық салу объектісі болып табылады:

1) акциз төлеушінің өзі шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:

акцизделетін тауарларды өткізуі;

акцизделетін тауарларды алыс-берістік негізде қайта өңдеуге беруі;

алыс-берістік, оның ішінде акцизделетін шикізат пен материалдарды, қайта өңдеу өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беруі;

жарғылық капиталға жарнасы;

акцизделетін тауарларды заттай ақы нысанында пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын төлеу есебіне беру жағдайларын қоспағанда, заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы;

өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі;

өндірушінің жасап шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы;

өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстыруы;

2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі;

3) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі;

4) мүліктік массаны, тәркiленген және (немесе) иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген, акцизделген тауарларды өткiзуі;

5) акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы;

6) акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты акциз салынатын объект болып табылады.

Төлеушілер:

1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын;

2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын;

3) Қазақстан Республикасының аумағында бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын;

4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбеген болса, Салық Кодекстің 279-бабының 5) - 7) тармақшаларында аталған тәркіленген, иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын;

5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбесе, Салық Кодекстiң 279-бабында аталған акцизделетiн тауарлардың мүліктік массасын өткiзудi жүзеге асыратын;

6) Салық Кодекстің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.

2 Бөлім  Заңды тұлғалар- Жанама салықтар- Акциздер- мөлшерлемелер және төлеу мерзімдері

Акциз мөлшерлемелері

Акциз мөлшерлемелері заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді.
Акциз сомасын есептеу белгіленген акциз мөлшерлемесін салық базасына қолдану арқылы жүргізіледі.
Акциз сомасын есептеу мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі:

 

р/с №

КО СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциз мөлшерлемелері (өлшем бірлігі үшін теңгемен)

1

2

3

4

1.

2207-ден

80 көлемдік пайызды немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанол) басқа (түссiз емес, боялған)

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

1,0 теңге/литр

3.

2208-ден

80 көлемдік пайыздан төмен

спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа)

100% спирт

750 теңге/литр

4.

2207-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті

60 теңге/литр

5.

2208-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер

100% спирт

75 теңге/литр

6.

3003,

3004-тен

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім

100 % спирт

500 теңге/литр

7.

2208

Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан басқа)

100% спирт

1000 теңге/литр

8.

2208

Коньяк, бренди

100% спирт

250 теңге/ литр

9.

2204, 2205, 2206 00

Шараптар

35 теңге/литр

10.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан немесе пайдаланы-латыннан басқа)

170 теңге/литр

11.

2204, 2205, 2206 00-ден

Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын шарап материалы

0 теңге/литр

12.

2203 00

Сыра

26 теңге/литр

13.

2202 90 100 1

Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра

0 теңге/литр

14.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

3000 теңге/1000 дана

15.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

3000 теңге/1000 дана

16.

2402-ден

Сигариллалар

3700 теңге/1000 дана

17.

2402-ден

Сигаралар

475 теңге/1дана

18.

2403-тен

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

3800 теңге/килограмм

19

2709 00-ден

Шикі мұнай, газ конденсаты

0 теңге/ тонна

20

8702 тен

микроавтобустарды, автобустар мен 100 троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын моторлы көлiк құралдары

100 теңге/текше см.

 

8703 тен

двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын, ең бастысы адамдар тасымалдауға арналған жеңiл автомобильдер және өзге де моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа)

 

 

8704 тен

двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиіндегі моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа)

 

 
Акцизделетін тауарларға арналған акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей бюджетке аударылуға жатады.
Акцизге қатысты күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.