Жарияланған күні: 17.04.2015 13:04
Өзгертілген күні: 27.04.2015 16:09

2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап Салық кодексінің 493 бабы 1-1 тармақшасымен толықтырылды, яғни:

1-1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасатын қоршаған ортаға эмиссия бойынша – бірыңғай жер салығын төлеушілер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

Сонымен қатар 496 баптын 6-тармағы алынып тасталды, яғни шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданушы салық төлеушілер төлемақы төлеуді жүргізбейді.