Жарияланған күні: 13.04.2015 12:56
Өзгертілген күні: 27.04.2015 16:21

 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап Салық кодексіне акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы), ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер және шаруа қожалықтары мен фермерлерге салық салу сұрақтары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Салық кодексінің 439-бабына айтарлықтай толықтыру енгізілді, яғни 1-1 тармақшасымен толықтырылды.

 Шаруа немесе фермер қожалықтары, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:
      1) жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы мыналар үшін:
     Ақтөбе- 3 500 га;

2) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет түрлерін ғана жүзеге асырса;
      3) қосылған құн салығының төлеушілері болып табылмаса, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданады.
 

Яғни 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап жоғарыда аталған шарттарды орындаған шаруа және фермерлік қожалықтар, бірыңғай жер салығын төлейтін арнайы салық режимін қолданады.

Аталған шарттардың ең болмаса біреуі орындалмаса, салық төлеушілер арнаулы салық режимінің жалпыға бірдей тәртібіне өтуге міндетті.

Сонымен қатар Салық кодексінің 442-бабының 1-тармағы бойынша, яғни бірыңғай жер салығын төлеушілер қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

Тағы да бір өзгеріс, 442-баптың 3-тармағы алынып тасталды, яғни бұрынғы редакция бойынша шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде, бірыңғай жер салығын төлеушілер кірістер мен шығыстардың, мүліктің бөлек есебін жүргізуге және осы Кодексте белгіленген тәртіппен көрсетілген қызмет түрлері бойынша тиісті салық пен бюджетке төленетін басқа да міндеті төлемдерді есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті болатын.  Бұл өзгеріс бірыңғай жер салығын төлеушілерге Салық кодексінің 439-бабы 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлеірнен басқа қызмет түрлерімен айналысуға тиым салады.

Сонымен қатар 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап бірыңғай жер салығын төлеушілерге ҚҚС бойынша өз еркімен салық төлеуші ретінде есепке тұруға тиым салынады.

Және де 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап 444-бап бойынша  бірыңғай жер салығының ставкасы өсті.  Егістік бойынша ең төменгі ставка 0,1% -ден  0,15% дейін өсті, ең жоғарғы 3000 га асқан шкала бойынша 0,6%+0,75 % әрбір өскен бағалық құнына дейін өзгерді.

Жайлаулар, табиғи шабындықтар және арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын басқа да жер учаскелері бойынша бiрыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнының 0,1%-ден 0,2% -дейін өсті.

Жергілікті атқарушы органдар жергілікті атқарушы органдардың ұсынысы негізінде бірыңғай жер салығының ставкасын «Жер кодексіне» сәйкес 10 еседен аспайтын мөлшерде өсіруге құқылы.

Арнаулы салық режимін қолданушы ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап енгізілген өзгерістерге сәйкес жер салығы, жер участкесін пайдаланғаны үшін алымды есептеу барысында 70% тәртіпті қолданбайды.

Аталған баптың 1-1-тармақшасы бойынша арнаулы салық режимі тек меншік құқығында жер участкесі бар салық төлеушілерге және Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес тұлғаларға ғана беріледі.