Жарияланған күні: 17.04.2015 12:57
Өзгертілген күні: 15.06.2018 15:28

Бақылау касса машинасы бойынша  міндеттемелер.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 167 бабының 1 тармағына сәйкес салық органына  тіркеу есебіне тек деректерді беру функциясы бар бақылау кассалық машинасын  қою міндетті.

Тек ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желілері жоқ орындарында ғана кәдімгі тіркеу функциясы жоқ машиналарды тіркеуге болады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жалпы пайланудағы телекоммуникация желілері жоқ әкімшілік-аумақтық бөлімшелер туралы ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында орналасқан (http://kgd.gov.kz/ru). Бұл ретте, 2018 жылдың 1 қаңтарына дейінгі салық органдарында тіркелген деректерді тіркеу және беру  функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын  2024 жылға дейін қолдануға болады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын ашық сауда базарларының аумағында стационарлық емес нысандарда жұмыс жасайтын кәсіпкерлер БКМ қолдануға  міндетті болады, ал 2020 жылдан бастап патент шеңберінде жұмыс істейтін салық төлеушілерге БКМ қолдану міндеттілігі туындайды.

ҚР-ның заңнамасы талаптары бойынша БКМ қолданудан жалтарған адамдар  міндетті түрде  жазалануға жатады. Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқықбүзушылық туралы кодексінің  284 бабының 1,2 бөліктеріне сәйкес, республика аумағында сауда операцияларын, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ақшалай есеп айырысу жолымен жүзеге асыратындар үшін БКМ қолданбаған  жағдайда, ақаулы немесе төлемге қабілетсіз БКМ қолданған немесе мемлекеттік кірістер органдарында есепке алынбаған БКМ қолданған жағдайда ескерту жасалады. Іс-әрекет, (әрекетсіздік) осы баптың бірінші бөлігінде көзделгендей әкімшілік жаза қолданылғаннан кейінгі бір жыл ішінде қайталап жасалса, айыппұлға тартылады.

Айыппұл мөлшері: - жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 15-айлық есептік көрсеткіш; - орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 30 АЕК; - ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 50 АЕК көлемінде болады.

Ақтөбе облысы бойынша

 мемлекеттік кірістер департаменті.

 

 

Бақылау-кассалық машинасы ақшалай есеп айырысу туралы ақпаратты тіркеу және бейнелеу үшін қолданылады.  Бақылау-кассалық машинасы аталған ақпаратты ұзақ уақыт сақтауды қамтамасыз етеді, яғни ондағы берілген сомалар  түзетуге жатпайды. Қарапайым түрде айтқанда, бақылау-кассалық машинасы – белгілі бір жүргізілген сауда операциясын немесе қолма-қол ақшамен жасалған қызмет туралы ақпаратты тіркеуді және сақтауды қамтамасыз ететін фискалды жады бар электронды аппарат.

Бүгінгі күнде бақылау-кассалық машиналары үш негізгі бағыт бойынша қызмет етеді.

Бірінші- бақылау-кассалық машинасын қолданушыны қорғау.  Кәсіп иесі үшін сатушының жұмысын бақылау, мекемедегі бухгалтерлік және қойма есебін қадағалау маңызды болып табылады. Кассир үшін Для кассиров (операторов) – құрылғының жылдам жұмыс жасауы, алдын-ала енгізңлген тауардың штрих-кодтарын оқу мүмкіндігі және т.б.

Екінші –тұтынушылардың құқын қорғау. Мысалы, егер алынған тауар белгілі-бір объективті себептермен сатып алушыны қанағаттандырмаған жағдайда тауарды бақылау-кассалық машинасының чегі арқылы қайтарып алуға немесе алмастыруға болады. Сондықтан салып алынған тауардың сапасыз тауар екендігі анықталған жағдайда да тауардың сатып алынған чегі болуы қажет.

Үшінші бағыт-фискальдық қызметі. Барлық бақылау-кассалық машиналары арнайы фискалдық жады қондырғылармен жабдықталған.  Кез-келген уақытта барлық ақшалай есептер туралы ақпараттарды сақтау және кәсіпкердің кез-келген кезең бойынша түскен кірістері туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.  Сондықтан салық органы қызметкерлеріне бақылау-кассалық машинасы көмегімен сауда мекемелерін тексеру барысында аппарат жадында сақталған дұрыс мәлімет алуға мүмкіндік туады.  Қорытындылай келе, әрбір азамат қолма-қол есеп айырысу барысында сатушыдан белгілі бір тауар немесе қызметтті тұтынғаны үшін бақылау-кассалық машинасына соғылған чекті талап етуі қажет.

1. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңына сәйкес салық заңнамасында белгіленген кассалық-бақылау машиналарын қолдану тәртібін бұзу —  дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсіздік), - 
      дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына – он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Салық кодексіне сәйкес қолма-қол ақша арқылы  сауда операциялары мен қызмет көрсету кезінде жүзеге асатын ақшалай есеп айырысулар міндетті түрде бақылау-кассалық машинасын пайдалану арқылы және тұтынушыға кассалық чек берумен міндеттеледі.

Бақылау чегі-сатушы мен сатып алушының арасындағы қолма-қол есеп айырысу фактісін дәлелдейтін бақылау-кассалық машинасының алғашқы есеп құжаты.

Қолға чек беру-міндетті талап. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңында көрсетілгендей,  алынған тауар мен көрсетілген қызмет үшін чек ұсынбау немесе сомасы аз көрсетілгені үшін

дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсіздік),

- дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына – он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Деректерді беру функциясымен БКМ  
Сатып алушылар үшін POS жүйесін қосу 27.07.2015
Сатып алушылар үшін автономды БКМ қосу 27.07.2015