Жарияланған күні: 17.04.2015 12:35
Өзгертілген күні: 27.04.2015 16:03

Салық кодексінің 365 бабының 3-тармағына енгізілген өзгерістерге сәйкес келесілер көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылмайды:

 1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасы бойынша;
      2) салық салынатын табысына осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салынатын, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қажеттілік нормативтері шегінде жеңіл және жүк көлік құралдары бойынша;

Соынмен қатар 367-бап 2-2 бабымен толықтырылды

2-2. Осы баптың мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жеңіл автомобильдерді әкелу күні оларды бастапқы мемлекеттік тіркеу күні болып есептеледi.