Жарияланған күні: 22.06.2017 19:25
Өзгертілген күні: 22.06.2017 19:27

    

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті  салық төлеушілерге  «Ашық есік күндерін» өткізді. Ондағы қарастырылған сұрақтар:

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда жұмыс берушілерге Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар мен төлемдер  бойынша міндет күшіне енуі және тіркелген өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, мамандандырылған медиаторлар мен жеке тұлғалар азаматтық-құқыктық шарттағы пайда алушыларға жарна аудару. Бұдан басқа, өзін-өзі жұмыспен қамтушы  тұрғындарға жарна төлеуді енгізу ұсынылуда.

      Ашық есік күндері барысында ЭСФ ақпараттық жүйесі бойынша осы шарада тікелей электронды кілт алу және басқа да 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілген салық заңнамаларындағы өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оған қоса, салық төлеушілердің барлық қызықтырған сұрақтарына жауап берілді.

                                                                 Ақтөбе облысы бойынша  

                                                                      мемлекеттік кірістер департаменті