Жарияланған күні: 17.11.2021 10:19
Өзгертілген күні: 17.11.2021 10:20

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі-МӘМС) барлық сақтандырылған азаматтарға жарналардың мөлшеріне қарамастан, медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділікке кепілдік береді. Бұл ретте, пациентке МӘМС бойынша көмек көрсету медициналық қызметтердің көлемі мен құнымен шектелмейді.

Жұмыс берушілердің қорға төлеуге жататын аударымдары мынадай мөлшерде белгіленеді:

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 2 пайызы;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 3 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалардың қорға төленуге жататын жарналары есептеу объектісінің 2 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

​Дербес төлеушілердің жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардың жарналары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерінің 40 пайызы және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерінде белгіленеді.