Жарияланған күні: 28.08.2017 12:22
Өзгертілген күні: 28.08.2017 12:23

«Кеден қызметінің саласындағы сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл»

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті  (әрі қарай - Департамент) Ішкі қауіпсіздік бсқармасымен «2017ж. бойынша қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетт і қалыптастыруына байланысты кешенді жоспар» орындау шеңберінде Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің және «Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі өкілдерінің қатысуымен «Кеден қызметінің саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбы бойынша  кеңес семинары ұйымдастырылып  өтті.

       Кеңес семинарын бастап Департамент басшысының орынбасары  Н.С.Әлжанов ашты, ол жиналғандардың барлығымен амандасып, кеңес семинардың қатысушыларымен таныстырып, күн тәртібін оқыды, 2017 жылы 9 наурызда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасымен бекітілген «2017ж. бойынша қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті  қалыптастыруына байланысты кешенді жоспарға » сәйкес Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде  «Кеден қызметінің саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбы бойынша  дөңгелек үстел жүргізілетінін хабарлап, қатысушыларға сөз кезегін берді.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнероликті қарап болған соң, ең бірінші болып Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің басшысының орынбасары М.М.Бибитова баяндама жасап, «Қазақстан Республикасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл»,сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарында жауапсыз мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлық орын алатынын атап өтті. Күнделікті жұмыс барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің  сапасын жақсарту қажет. Кеден қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін 100% көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді  электронды форматқа ауыстыруға ұмтылу қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы маниторинг өткізу және сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау -  оларды жоюға мүмкіндік береді және сыбайлас жемқорлық деңгейі Мемлекеттік кірістер органдарында минимумға дейін төмендетеуіне әсерін тигізеді. Сонымен қатар кеден органдарында сыбайлас жемқорлық бірқатар себептерге байланысты туындады, соның ішінде  кеден - сыбайлас жемқорлықшыны анықтау бойынша сыртқы экономикалық  қызметінің қатысушыларының белсенділігінің төменгі деңгейде болуына негізделеді, себебі  көбінесе соның әсерінен жемқорлықтың фактілері анықталмай қалады. Сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының көпшілігі, олардың кеден қызметінің қызметкерлерімен анықталған, оның ішінде пара беру жолымен болған түрлі бұзушылықтарын жасырып қалуға бейім болып келеді.

 

       Электрондық декларациялауға жаппай көшу негізі кеден қызметі мен Сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының арасындағы тікелей байланысын болдырмауға мүмкіндік береді.

        Әрі қарай Ішкі қауіпсіздік басқармасының маңызды істер бойынша аға офицері С.Н.Федоровский «Кедендік төлемдерді төлеу кезінде болжамды көлемін заңсыз төмендетуге қарсы іс-қимыл жөніндегі негізгі тәсілдер, төлеуден жалтару» тақырыбында баяндама жасап, оның ішінде кедендік баж терминіне тоқталып өтті, ең көп таралған кедендік төлемді төлеуден жалтару схемасы, атап өтсек кедендік тауардың бағасының төмендеуі, тауарлардың шығарылған елі туралы  жалған  мәліметтердің болуы, ТН ВЭД ТС кодтарына сәйкес тауарлармен  манипуляциялары жайлы айтып өтті.

         Адам ресурстары басқармасы қызметтік тергеу бөлімінің бас маманы Е.С.Кудайбергенов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар және кеден органындағы лауазымды тұлғалардың шығындарының  бақылау жүйесі»  тақырыбында баяндама жасап, кеден қызметінің қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар барысында жұмыста және тұрмыс жағдайындағы тәртібі жайлы тоқталып өтті.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында  жұмыс жасайтын , белгіленген ережелерін мүлтіксіз сақтауына және сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауына бағытталған  тұлғалардың шешімдерін және іс-әрекетін анықтайды.

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар негізіне сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау тұрғысынан лауазымды міндеттерін тікелей орындау кезінде :

  1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартына қатысты саласында жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін және құқықтарын іске асыру;
  2. өз құзыреті шегінде басқарушылық, сондай-ақ басқа да шешімдерді қабылдау және дайындалу;
  3. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау;
  4. тиісті өмір саласының ерекшелігіне байланысты  басқа да әлеуметтік маңызды қатынастар орнығуы.

Әрі қарай Е.С. Кудайбергенов қатысушыларды қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама шеңберіндегі қаржылық бақылау шараларымен таныстырды.

Сонымен қатар, Заңның 27-бабына сәйкес, мемлекеттік лауазымға немесе лауазымға үміткер болып табылатын тұлға ,мемлекеттік  немесе оған теңестірілген функциясын орындауға байланысты мемлекеттік кірістер органдарына мекен-жайы бойынша ұсынады:

Салық салу объектісі болып табылатын табысы және мүлігі туралы декларация, сонымен бірге Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс жерде орналасқан  мүліктің орналасқан жерінің атауымен;

Банк мекемелеріндегі салымдары және бағалы қағаздары  туралы ,сондай-ақ Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс және банк мекемелерінің нұсқауымен көрсетілгені жайлы, және бұл тұлғалардың өзі немесе басқа тұлғалармен бірлесіп билік етуге құқылы қаржы қаражаты туралы мәлімет;

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлесін көрсете отырып акционер немесе қатысушы ретінде өзінің қатысуы туралы аталған ұйымдардың толық банктік немесе өзге де деректемелері;

 Егер тұлға немесе оның жұбайы шарттың меншік иесі болған жағдайда тиісті банк шоттарының нөмірлерін көрсете отырып, шарт және тіркелген  мемлекеті жайлы мәлімет;

  Келісім-шарттық қарым-қатынастарда болған тұлға болса, материалдық және қаржы қаражатының мазмұны бойынша немесе келісім және міндеттемелерін (оның ішінде ауызша) уақытша  сақтау арқылы мыңдық көлемде асатын айлық есептік көрсеткіштің  тұлғаға немесе оның жұбайына тиесілі болған жағдайда басқа да мекемелердің атауы мен деректемесі туралы мәлімет.

Мемлекеттік қызмет атқаратын тұлға, Қазақстан Республикасында белгіленген салық заңнамасына сәйкес жыл сайын өз міндетін орындау кезінде, Қазақстан Республикасының аумағында, я болмаса шекарасынан тыс орналасқан және салық салу объектісі болып табылатын табысы және мүлігі туралы декларацияны мемлекеттік кірістер органдарына ұсынатыны туралы осы баптың 2-ші тармағында қарастырылған.

 Мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған тұлға, жұмыстан шыққан уақытынан бастап үш жыл бойы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында, я болмаса шекарасынан тыс орналасқан және салық салу объектісі болып табылатын табысы және мүлігі туралы декларацияны мекенжайы бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну керек.

Баяндамашы мемлекеттік және оған теңестірілген функцияларын атқаруына байланысты   мемлекеттік лауазымға үміткер тұлғаның жұбайына да қаржылық бақылау шаралары таралатынын айтты.
          Департамент басшысының орынбасары  Н.С.Әлжанов қорытынды сөзінде  Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің және «Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі өкілдеріне алғысын айтты.

Н.С.Әлжанов  тыңдалған баяндамалар арқылы кедендік органдарда мемлекеттік бюджетті толықтыруына, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөл атқаратынын, сонымен қатар Кеден қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы елімізде экономикалық және саяси тұрақтылыққа елеулі зиянын тигізуі мүмкін.

Ол Департаменттің кеден қызметі бөлімшелерінің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексін сақтау керектігін айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.