Жарияланған күні: 19.04.2017 18:37
Өзгертілген күні: 19.04.2017 18:38

Ақтөбе облысы бойынша МКД-ң ЭТҚ-нде алкогольдік өнімдерді жалған есепке алу-бақылау таңбаларымен өндіру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Сонымен,Ақтөбе облысы бойынша МКД ЭТҚ-і қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары барысында алкогольдік өнімдерді жалған есепке алу-бақылау таңбаларын өндіретін белгісіз тұлғаларға қатысты жедел ақпарат келіп түсті.

          2017 жылдың 6-шы наурызында мекен-жай бойынша санкциаланбаған тінту жүргізу барысында «Геом» және «Максимус» ЖШС-тері өндірісіндегі түрлі маркалы алкогольдік өнімдер,сонынмен қатар алкогольдік өнімдердің бос коробкалары және бос шөлмектер  табылып, тәркіленді.

           Істі тергеу барысында алкогольдік өнімді жалған есепке алу-бақылау таңбаларын өндіруге катысты тұлға анықталған, ол 2017 жылдың ақпан айының басынан бастап шөлмектерді қабылдау бөлімінен алкогольдік өнімдердің бос шөлмектерін сатып алған. Содан кейін, «Кристалл» маркасының арзан алкогольдік өнімдерін көтерме сауда дүкенінен сатып алып,есепке алу-бақылау таңбаларын ақырындап шешіп,бос шөлмектерге өз қолымен құйған. Әрі қарай дайын алкогольдік өнімдерді Ақтөбе қаласы өңірінде ісін жүргізген.

Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.