Жарияланған күні: 28.04.2017 18:28
Өзгертілген күні: 28.04.2017 18:29

                Ақтөбе облысы бойынша МКД хабарлайды, «Өткен жылғы бережақты Біл және Төле»!!! акциясы басталды. Шараның мақсаты қала тұрғындары төлемей жүрген жер, мүлік, көлік салықтарын өндіру.

Бүгінгі күнде мемлекеттік кірістер органдары бойынша жер, мүлік, көлік салықтарының бережақтарының саны 94801 салық төлеуші, сомасы – 269 602,0 мың теңгені құрайды.

Осыған сәйкес салықтарын төлемей жүрген салық төлеушілерге бережақтардың өсімінен құтылу үшін, тез арада бережақты өтеуге шақырады.

             Сонымен қатар жеке тұлғалардың жер, мүлік салықтарының мерзімі өткен жылдың 1-қазанында, көлік құралдары салығының төлеу мерзімі өткен жылдың 31 желтоқсанда өтіп кеткені ескертіледі.

Салық төлемін мерзімінде төлемегені үшін ҚР салық кодексінің 610 бабына сәйкес әр бір өткен күнге автоматты түрде өсім есептеледі.

Салық органдары салықтары төленбеген жағдайда сот органдарына материлдар беру арқылы бережақтарды өндіріп алады. 

Қазіргі таңда сот орындаушылармен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар арқылы салықтары төленбеген автокөліктерді тәркілеп, айыппұл тұрағына қою, мүлкін тәркілеу, жалақыдан өндіру, есеп шоттарын тоқтату т.б. жұмыстар ұйымдастырылуда.

Туындаған сұрақтар бойынша Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне мекен жайы: Ақтөбе қаласы, Некрасов көшесі 73 үй, 16 кабинет немесе 21-37-40 телефонына хабарласуға болады.

Бережақ сомаларды Kgd.gov.kz сайты арқылы білуге болады.

 

Ақтөбе облысы бойынша МКД