Жарияланған күні: 01.11.2017 11:02
Өзгертілген күні: 01.11.2017 11:03

 

2015 жылдан бастап құжаттық тексеру жүргізуге қатысты мәселелер бойынша негізгі өзгерістер мен толықтырулар

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің аудиторлық тұжырымның қорытындысымен өз еркімен жойылу оңайлатылған тәртібі енгізілді.

Оңайлатылған тәртіп Салық Кодексінің 37-2 бабымен ережеленіп заңды тұлғалардың жекелеген санаттары және жеке кәсіпкерлердің таратылуына байланысты салықтық міндеттемелерін орындау ерекшеліктерін белгіледі, сонымен қатар төмендегі жағдайларға сәйкес келетін:

1)таратылатын заңды тұлға мен ЖК БЖТ жалпы сомасы түзетуді есепке ала отырып, талап қою мерзімі ішінде 120 АЕК аспайтын болса, республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына (2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді): 2017 жылға АЕК 2 269 тенге құрайды, табыс 272 280 000 тенге құрайды.

2)салықтық органға қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынған күннен 20 есепті күннен аспайтын аудиторлық мекемемен жасалған салықтар бойынша аудиторлық тұжырымы бар. Сонымен қатар аудиторлық тұжырым салықтар бойынша салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеу, міндетті зейнетақы жарналары, кәсіби міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және төлеу, әлеуметтік салықты есептеу және төлеу міндеттері, қызметін тоқтататын  заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бұндай жағдайда аталған салық төлеушіге аудиторлық мекеменің салықтар бойынша аудиторлық тұжырымы табыс етілген күннен 10 күн есептік мерзімде орындалуға жатады.

Осылайша заңды тұлға- резидент жойылуға шешім қабылдайтын болса, жеке кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайтын болса салық органына қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішпен бірге тарату есептілігін, аудиторлық мекеменің салықтар бойынша аудиторлық тұжырымын ұсынуы қажет.

Егерде жойылатын заңды тұлға қосымша құн салығын төлеуші болса, көрсетілген құжаттардан басқа қосымша құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы куәлік және қосымша құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынуы қажет.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Кодексіне әкімшілік заңбұзушылыққа қатысты салықтар бойынша анық емес аудиторлық есеп жасағаны және аудиторлық мекекеменің салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібін бұзғаны үшін аудиторлық мекемелерге қатысты әкімшілік жауапкершілік енгізілгенін атап өту қажет.

Яғни, салық төлеушілер БЖТ жалпы сомасы, талап қою мерзімі ішінде120 АЕК аспайтын болса, салықтық тексеру өткізбей ақ, аудиторлық тұжырымды негізге ала отырып, камеральды бақылау жүргізілгеннен кейін жабылуы мүмкін.

Егер осы екі жағдай сақталған болса, салық төлеуші аудиторлық тұжырым алған күннен 20 есептік күннен кешіктірілмей, қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті Салық Кодексінің 37-2 бабының 2 тармағында қарастырылған құжаттарды жалғай отырып бере алады.

 

Аудит басқармасы

Ақтөбе облысы бойынша МКД