Жарияланған күні: 10.01.2020 17:42
Өзгертілген күні: 10.01.2020 17:49
            Тауардың шығарылуын бақылау. API-интерфейсі виртуалды қойманы ERP есепке алу жүйелерімен біріктіруге мүмкіндік береді.
            «Виртуалды қойма» модулі – бұл «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің https://esf-vs.gov.kz:8443/esf-web/login web-порталында орналасқан функционалы.
«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 270 бұйрығының 4 тармағына сәйкес 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі қолданысқа енгізілді.
Бастапқы кезеңде «Виртуалды қойма» модулі көлік құралдарын сатумен айналысатын сонымен қатар Еуразиялық экономикалық кеңесінің комиссиясының 2015 жыдың қазан айының 14-гі №59 шешіміне сәйкес енгізу кезінде төмендетілген кедендік бажын қолданатын салық төлеушілерге қатысты  қолданылды, ал 2019 жылдың 1 қаңтарына бастап осы функционал осы Шешімге сәйкес Тізімге қосылған барлық тауарларға қатысты қолданылады.
            «Виртуалды қойма» модулінде көрсетілген қойманың саны салық төлеушіде іс-жүзінде бар қойманың, сауда нүктелерінің санынымен сәйкес болуы тиіс. Бұл талап салық төлеушінің қоймасының есеп жүйелерінде және «Виртуалды қойма» модулінің қоймаларында тізімделген тауарды есептен шығару барысының дұрыстылығын қамтамасыз ету қажеттілігімен қарастырылған.
            2018 жылдың 1 сәуірінен бастап «Виртуалды қойма» модулі қолданысқа енгізілді, бұ ретте осы мерзімге дейін қаржылық лизингке берілген көлік құралдарының бар екенін ескере отыра, салық төлеуші Виртуалыд қоймаға «Қалдық» формасы арқылы көлік құралы жөнінде мәлімет енгізу қажет.
            ЭШФ мәлімдемесі 2 жолмен жүзеге асырылады.
  1. «Тауар қалдықтары» журналында, тауарды таңдаған соң «ЭШФ мәлімдеу» пернесін басу қажет.
  2. ЭШФ журналы арқылы - «ЭШФ мәлімдеу» пернесін басқан соң қоймадан тауарды таңдау қажет.
ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті еске салады: 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап теледидар, тоңазытқыш пен шикі қантты сату мен ЭШФ мәлімдеуді «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің  «Виртуалды қойма» модулі арқыл жүзеге асыру қажет.
            2019 жылдың 1 қазанынан бастап шаңсорғыштарды, блоктарға жиналған және жай оқшауланған қаңқадан және азаматтық әуе кемелерінің мұздануға қарсы және мұзды еріту жүйелерінде қолданылатын электр жалғауларданғана тұратын құрылғыларды және түсiргенде бiрден дайын сурет шығаратын фотокамераларды сатуды айрықша түрде  «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің  «Виртуалды қойма» модулі арқыл жүзеге асыру қажет.
 
 
Ақтөбе облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті