Жарияланған күні: 12.07.2017 16:10
Өзгертілген күні: 13.07.2017 13:01

2017 жылдың 11 шілде күні  Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының жеңімпаздарына 2017 жылдың мамыр айына бағалы сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді.

Түбіртекті кездейсоқ таңдау қорытындысы бойынша «Wipon» аналитикалық орталығы 2017 жылдың маусым айына «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы бойынша женімпаздарды анықтады:

1.       ID #3868235(Nazerke) - сыйлық «Блэндер»;

2.       ID #3957929 (Слушаш) - сыйлық «Фен»;

3.       ID #3992123 (Тимур) - сыйлық  «Тостер».

Акция электронды формат түрінде «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы,  көлеңкелі экономикамен күресу үшін өткізіледі. Оны тегін көшіріп алуға және барлық смартфон түрлерінде, сонымен қоса басқа да гаджеттерде пайдалануға болады.

Акцияға тауарларды сатып алу немесе басқа да қызмет түрлерін көрсеткендігі туралы фискалды чектің қарапайым суретін ұсынған Қазақстан Республикасының барлық азаматтары қатысуына болады.

 

Қорытынды гранд ағымдағы жылдың соңында Мемлекеттік кірістер Комитетінде өткізілетін болады және мұнда бағалы сыйлықтар, соның ішінде басты жүлде – автомобиль ойнатылатын болады.