Жарияланған күні: 14.06.2017 17:15
Өзгертілген күні: 14.06.2017 17:15

         

2017 жылдың 14 маусымында Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының жеңімпаздарына 2017 жылдың мамыр айына бағалы сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді.

Түбіртекті кездейсоқ таңдау қорытындысы бойынша «Wipon» аналитикалық орталығы 2017 жылдың мамыр айына «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы бойынша женімпаздарды анықтады:

1.       ID #3538266 (Юлия) – сыйлық  «Смартфон»;

2.       ID #3541780 (Алима) - сыйлық «Пылесос»;

3.       ID #3543148 (Лейла) - сыйлық «Блендер»

Акция электронды формат түрінде «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы,  көлеңкелі экономикамен күресу үшін өткізіледі.

«Wipon» мобилді қосымшасы нағыз қазақстандық өнім болып табылады және отандық программистер  арқылы жасалған. Оны тегін көшіріп алуға және барлық смартфон түрлерінде, сонымен қоса басқа да гаджеттерде пайдалануға болады.

Акцияға тауарларды сатып алу немесе басқа да қызмет түрлерін көрсеткендігі туралы фискалды чектің қарапайым суретін ұсынған Қазақстан Республикасының барлық азаматтары қатысуына болады.

Мамыр айының 01-нен бастап 31-і аралығында Ақтөбе облысының тұрғындарымен  900 түбіртек жіберілген  және олар мамыр айындағы ұтыс ойнына қатыстырылған болатын.

Акция осы жылдың қараша айының 30-на дейін жүргізілетін болады. Осы кезең кезінде барлық облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында әр ай сайын жүлделер ойнатылатын және табысталатын болады.

 Қорытынды гранд ағымдағы жылдың соңында Мемлекеттік кірістер Комитетінде өткізілетін болады және мұнда бағалы сыйлықтар, соның ішінде басты жүлде – автомобиль ойнатылатын болады.

                                                                           

 Ақтөбе облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті