Жарияланған күні: 14.05.2020 15:43
Өзгертілген күні: 14.05.2020 16:58
       Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды:
     ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жыл сайынғы «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!»акциясын іске қосты. Оның мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.
      Әрбір тұтынушы сатып алынған тауар (жұмыстар және қызметтер) үшін чекті мобильді қосымша (Wipon тегін қосымшасы) арқылы жібере алады және күн сайын ұялы телефон теңгеріміне ақша қаражатын ұтып алу мүмкіндігіне ие.Сондай-ақ БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады, онда факт расталғаннан кейінтелефонтеңгерімі толықтырылады.
      Акция 2020 жылдың 13 мамырынан басталып, жылдың соңына дейін жалғасады. https://drive.google.com/open?id=1UmycN84yhhFjpG20x9UCTCEpwjarkxij

 

                                                                         

   Түсіндіру жұмысы басқармасы