Жарияланған күні: 30.05.2018 12:29
Өзгертілген күні: 30.05.2018 12:30

Салық салу мақсаттары үшін Салық кодексінің 1-бабының 65) тармақшасы тауарлармен электрондық сауда тұжырымдамасы айқындалған.

Тауарлармен электрондық сауда – бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

  • тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;
  • тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;
  • тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

Салық кодексінің 1 баптың 29) және 30) тармақтарымен интернет-алаң және интернет-дүкен тұжырымдары берілген.

Сонымен бірге Салық кодексінің 88-баптың 1 тармақтың 10) тармақшасы бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға жатады.

Салық кодексінің 293 баптың 3 тармағы бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100% азайтады.

Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, тауарлармен электронды сауданың тасымалдауға, тауарлар жеткізілетін тұлғалардан және салық төлеушімен көшіріп алған ЭШФ-ның ақпараттарына сәйкес, 293-бабының 1 тармағының 65) тармақшасыны, 3-тармағын, Заңның 33-бабының 2) тармақшасыны сақталуына байланысты автоматтандырылған қамералдық бақылау жүргізіледі.

Хабарлама салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

 

 

 

Ақтөбе облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті