Жарияланған күні: 05.04.2017 18:38
Өзгертілген күні: 05.04.2017 18:39

2017 жылдың 4 сәуірде «Ақтөбе ақпарат» орталығында Ақтөбеде сұйытылған газды заңсыз сатқан қылмыстық топ құрықталды бойынша брифинг өткізілді.

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Экономикалық тергеу қызметі, Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуратурасымен, Облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитет Департаментімен, Ішкі істер департаментімен және Ақтөбе станциясындағы Ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен бірегей жедел іздестіру шаралары жүргізіп, Ақтөбе облысы аумағында Әлеуметтік газ тасымалдау мекелеріне қатысты аса ірі көлемдегі экономикалық контрабанда және де заңсыз тасымалдау, сату қылмыстық әрекеттерімен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді.

Жедел іздестіру және тергеу амалдары, оның ішінде тінту, алу қылмысқа қатысы бар тұлғалар ұсталды. Жедел іздестіру және тергеу амалдары облыстағы «Gold Stepp» және «АзГазЛогист» газ жүйесі мекемелерінің территориясында жүргізілді.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жан-жанты жүргізілуде, қылмыстық істің тергеу нәтижелері қосымша баяндалады.