Жарияланған күні: 24.10.2017 10:42
Өзгертілген күні: 24.10.2017 10:43

Қазіргі таңда  көптеген сауда нүктелерінде, базарларда, әскери киімдер мен олардың айырмашылық белгілері, одан басқа марапаттар мен төсбелгілер, әскери тігіндер мен жабдықтары еркін саудалануда.  Алайда көптеген жағдайларда бекітілген үлгіге сай келмей жатады.

Олай болатын себебі, тұрғындардың арасында яғни жеке күзет қызметі,қауіпсіздік қызметі агенттіктері, аңшылық жәнен шауруашылық қызметтердің осы әскери киімдер мен олардың жабдықтарына деген сұраныстың  жоғары болуында болып отыр.

Қазақстан Республикасының  «Сауда қызметін реттеу туралы» заңының 32 бабы 3 бөлімінің 4.1 тармағына сәйкес Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы және Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы шеңберіндегі сатып алуды қоспағанда, (Тізім Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушымен бекітілген № 719 25.11.2015 жылы) мүдделі мемлекеттік органдардың келісуі бойынша уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың әскери қызметшілерінің, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әскери немесе арнаулы нысанды, нысанды киім-кешегінің заттарына, айырым белгілеріне жататын тауарларды судалауға тиым салынады.

Айтып кететін бір жәйіт еркін саудалауға тиым салынған немесе заң аясымен шектеу қойылған тауарлар мен бұйымдарды саудалау Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 196 бабы бойынша жауапкершілік  жүктеу қарастырылған.

 

 

Ақтөбе облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті