Жарияланған күні: 14.12.2017 12:03
Өзгертілген күні: 14.12.2017 12:05

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының  39 – қадамында көрсетілген «Кеден және салық жүйелерін интеграциялау» жоспарын жүзеге асыру барысында, салық салу мақсатында импорттаушылардың қадағалануы Қазақстан Республикасының аумағына таурларды әкелген сәттен бастап оның сатылымына дейін бақыланатын болады. Аталмыш қадамның іске асырылуы шеңберінде,  шот-фактураларды рәсімдеу міндетті түрде  электронды нысанға өтуін кезең-кезеңмен енгізу іс-шаралары қарастырылған.

Атап айтсақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілік ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының  2016 жылғы 30 қарашадағы  № 26-VI Заңында – шот-фактураларды электрондық нысанда жазуға көшу міндеттемесі кезең-кезеңмен енгізілген, олар:

- 2017 жылғы 1 қаңтардан -Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық операторлар, кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймалардың иелері, соңдай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайлардағы салық төлеушілер;

- 2018 жылғы 1 қаңтардан - мониторингке жататын ірі салық төлеушілер;

- 2019 жылғы 1 қаңтардан – ҚҚС төлеушілердің барлығы.

Электронды шот-фактураларды жазу – уақытты және ақпаратты өңдеуге жұмсалатын шығыстарды (оператордың еңбек шығыстары, қағаз, принтер, орауыш, пошталық маркалар, жеткізу) азайтуға мүмкіндік беріп, электронды шот-фактураларды жазып беру бөлігінде кәсіпкерлердің жұмыс тиімділігін ұлғайтады. ЭШФ жазылған уақытта, ақпараттық жүйе ЭШФ-ның  жазылу дұрыстығын автоматтық камералдық бақылаудан өткізеді, тиісінше қателіктерді болдырмайды.

 

 

Ақтөбе облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті