Жарияланған күні: 02.02.2017 11:36
Өзгертілген күні: 02.02.2017 11:36

 

Шетелдік қаржыландыруды бақылау негізгі сұрақтары

Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 19.10.2016-жылғы «Жеке және заңды тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы мемлекеттік кірістер органдарына хабарлау қағидаларын, нысанын және мерзімдерін бекіту туралы» №553 Бұйрығы негізінде, келесіні хабарлаймыз.

Жеке және заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – тұлға) шет мемлекеттерден, халықаралық және (немесе) шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан 1 теңгеден асатын сомаға, олармен жасалған мәмілелер бойынша ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алғаны және мынадай қызмет түріне:

- заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға кеңес беруге;

- қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеумет танушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;

- аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталғаны туралы орналасқан/тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына арқылы хабардар етеді.

Хабарлама 017.00 нысаны арқылы келісім-шарт жасалған күннен кейінгі 10 жұмыс күні ішінде, шет мемлекеттерден, халықаралық және (немесе) шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан түсуі тиіс ақша жіне (немесе) басқа да мүлік туралы мәліметтерді міндетті түрде толтыру арқылы тапсырылады.

Егер бұрын бекітілген келісім-шарттардың келісім-шарт сомасы, міндеттемені орындау мерзімі секілді талаптары өзгерген жағдайда Хабарлама келісім-шартқа өзгерту енгізілген күннен кейінгі 10 жұмыс күні ішінде тапсырылады.

Егер келісім-шарт бұзылған жағдайда, келісім-шарт бұзылған күннен кейінгі 3 жұмыс күн ішінде, негізгі хабарламаның тіркеу нөмірі және «минуспен» белгіленетін сомалық мағыналарды білдіретін сызық жолдардан басқа, бұрын толтырылған барлық реквизиттерді «Қосымша» түрінде Хабарлама жолданады.

Мәліметтер 018.00 нысаны арқылы есептік тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешікпей тапсырылады. Көрсетілуі тиіс мәліметтер болмаған жағдайда аталған Мәлімет нөлдік көрсеткішпен тапсырылады.

Салық есептілігін тапсырмағаны үшін немесе дерексіз, әдейі жалған мәліметтер ұсыну Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзішылық туралы» кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 19.10.2016-жылғы №555 Бұйрығымен шетелден қаржыландырылатын тұлғалар үшін салық тіркелімі нысандары бекітілді:

- жеке тұлғаның және заңды тұлғаның және (немесе) құрылымдық бөлімшелерінің шет мемлекеттерден, халықаралық және (немесе) шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан түсуі тиіс ақша жіне (немесе) басқа да мүлік туралы салық тіркелімі нысаны (бұйрыққа 30-қосымша);

- жеке тұлғаның және заңды тұлғаның және (немесе) құрылымдық бөлімшелерінің шет мемлекеттерден, халықаралық және (немесе) шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан түсуі тиіс ақша жіне (немесе) басқа да мүлік туралы салық тіркелімі нысаны (бұйрыққа 31-қосымша);

- жеке тұлғаның және заңды тұлғаның және (немесе) құрылымдық бөлімшелерінің шет мемлекеттерден, халықаралық және (немесе) шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан түсуі тиіс ақша жіне (немесе) басқа да мүлік туралы салық тіркелімі нысаны (бұйрыққа 32-қосымша).