Жарияланған күні: 29.08.2018 16:37
Өзгертілген күні: 29.08.2018 16:38

Нұсқамада көрсетілетін салықтық тексерулерді жүргізу мерзімі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, нұсқама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.

 Салықтық тексеруді жүргізу мерзімін:

1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасында біреуден аспайтын тұрған жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер үшін:

салықтық тексеруді тағайындаған салық органы – қырық бес жұмыс күніне дейін;

жоғары тұрған салық органы – алпыс жұмыс күніне дейін;

2) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасында біреуден астам тұрған жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, сондай-ақ салықтық мониторингке жататын салық төлеушілер үшін:

салықтық тексеруді тағайындаған салық органы – жетпіс бес жұмыс күніне дейін;

жоғары тұрған салық органы бір жүз сексен жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.

Салықтық тексеруді жүргізу мерзімінің өту барысын салық органдары:

салық органының мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну туралы талаптарын салық төлеушіге (салық агентіне) табыс ету және салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеруді жүргізу кезінде сұратылған мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынуы;

салық органының сұрау салуын басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға жіберу және көрсетілген сұрау салу бойынша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды алу;

шет мемлекеттерге ақпарат беру туралы сұрау салу жіберу және халықаралық келісімдерге сәйкес салық органдарының ол бойынша мәліметтер алуы;

салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша қарсылықты дайындауы және оны салық органының Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қарауы кезеңінде тоқтата тұруы мүмкін.

Бұл ретте салықтық тексеруді жүзеге асыратын салық органы салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарламаны салық төлеушіге (салық агентіне) құқықтық статистика органын хабардар ете отырып, тоқтата тұру немесе қайта бастау күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оған қолын қойғызып табыс етуге немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы не электрондық тәсілмен жіберуге міндетті. Бұл ретте салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарлама салық органы веб-қосымшаға осындай хабарламаны жеткізген күннен бастап электрондық тәсілмен салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілді деп есептеледі. Бұл электрондық тәсіл осы Кодекстің 86-бабында айқындалған тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады.

 Осы баптың 4-тармағында белгіленген негіздер бойынша тоқтата тұру мерзімі:

1) салықтық мониторингке жататын салық төлеушілерді;

2) резидент-заңды тұлғаның, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің таратылуына, бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына, дара кәсіпкер қызметінің тоқтатылуына байланысты жүргізілетін;

3) мынадай:

трансферттік баға баға белгілеу;

қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомаларының анықтығын растау;

бейрезиденттің өтініші негізінде бюджеттен табыс салығын қайтару бойынша салық агенттерін тексеру;

тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында жазылған мәселелер бойынша тақырыптық  тексерулердің;

4) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процесстік кодексінде көзделген негiздер бойынша жүргiзiлетiн;

5) салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 161-бабына сәйкес салықтық тексерулер жүргізу барысында құжаттарды (мәліметтерді) ұсыну туралы салық органының талабын қойған жағдайда;

6) салық төлеушiге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісі шығарылған, сондай-ақ салық органы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен салықтық тексерудің алдын ала актiсіне салық төлеушiнің (салық агентінің) жазбаша қарсылығын қараған жағдайларда салықтық тексеру мерзiмiне кiрмейдi.

 

Аудит басқармасы

Ақтөбе облысы бойынша МКД