Жарияланған күні: 22.06.2018 10:56
Өзгертілген күні: 22.06.2018 10:58

Бүгін Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Ақтөбе қаласы бойынша МКБ-мен бірігіп  «Ашық есік күнін» өткізді.

Шараның басты мақсаты халықтың салық және кеден заңнамалары бойынша ақпараттылық деңгейін арттыру болып табылады. Нәтижесінде әділ түрде тәртіпке негізделіп салық алдындағы міндеттемелерін уақытылы әрі толық орындауға үндеу.

Ашық есік күні апта сайын бейсенбі күндері өткізіліп отырады және жаңадан кәсіпкерлікті қолға алған салықтөлеушілерге кес беру мақсатында жүргізіледі. Ақтөбе облысының барлық аудандарын қамтиды.

Бұл күні 15 салықтөлеуші салық есептілігін толтыру бойынша мамандардан кеңес алса, қалғандары POS -терминал фискалды жады бар бақылау касса машиналары туралы және басқа да салық, кеден заңнамаларының өзгертілген тұстары бойынша кеңес алды.

 

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті