Жарияланған күні: 06.11.2017 16:18
Өзгертілген күні: 06.11.2017 16:20

Қолма-қол ақшасыз айырбастың яғни  банк карточкаларымен есеп айырысудың қазіргі таңда кең етек жайғанын, әмиянымызда немесе қалтамызда қағаз ақшаныңең томпайып немесе тиынның толып жүруін ұмыта бастадық. Бұл банк карточкаларының оңтайлы тұсы кез келген затқа және кез келген жерде төлем айырбасы ретінде қолдануға болады. Алайда бұл әрекеттердің жүзеге аспай қалу жағдайлары да бар яғни төлем карточкалары арқылы төлемдерді қабылдайтын арнайы құрылғы болмаса.Ол  POS-терминал.

Банк карточкаларымен есеп айырысудың тиімді тұстары:

  • Тұтынушылардың құқықтарының толық қорғалуы;
  • Карточкадағы қаражаттың бүтін әрі алаңсыз сақталуы;
  • Банк тарапынан ұсынылған жеңілдердің берілуі;
  • Кассаға жалған купюралардың түсуінен сақтануы;
  • Кассирлердің қолма қол ақша айырбасы кезінде қателіктерге бой алдырмауы және тағы басқа.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 2016 жылдың 21-ші қазанында  №604  бекітілген арнайы қызмет түрлері салық режиміне қарамастан  POS-терминалдарды қолдануға міндетті екендігін хабарлайды.

 POS-терминалдарды қолдану бойынша міндеттеме:

• автөкөліктер мен мотоциклдердің  көтерме және бөлшек саудасы, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету;

• көтерме және бөлшек сауда;

• қонақ үй қызметтерін ұсыну;

• мейрамхана қызметтерін ұсыну, тамақтану мен ішімдіктер ұйымдарының басқа да түрлері;

• жол жүру құжаттарын сату (билеттер), әуе және теміржол тасымалы жолжүгі түбіртектері  ;

• жүктерді транспорттық өңдеу қызметі, қаттау және сақтау,  жүк тасымалдау және тасу бойынша көмек қызметтері;

• туризм саласында қызмет көрсететін туроператорлар және басқа да ұйымдар (турагенттерден басқа );

• сақтандыру саласында қызмет көрсетушілер;

• денсаулық сақтау саласында қызмет көрсетушілер;

• білім беру саласында қызмет көрсетушілер;

• кинофильмдер тарату саласында, видео және теледидар программалары, кинофильм көрсетілімі;

• фитнес, спорт клубтары, дискотека қызмет көрсетушілері;

• құмар ойындар және бәстесу қызметтерін ұйымдастыру;

• боулинг (кегельбан) және бильярд қызметтерін ұсыну.

 Бұл міндеттеме жеке өндірілген ауылшаруашылығы өнімдерін, жеке өндірілген аквамәдениет және тұрақсыз сауда орындарымен  көтерме және стационарлық емес сауда объектісі бөлшек саласында қызмет көрсететін тұлғаларға қолданылмайды.

ҚР «Сауда қызметін ретту туралы» заңының 1 бабы 16-1бөлімінде               -  стационарлық емес сауда объектісі-инженерлік-техникалық қамтамассыз ету желілеріне қосылуының технологиялық (біріктірілуінің болуына немесе болмауына) қарамастан жермен берік байланысы жоқ уақытша құрылыс немесе уақытша конструкция, оның ішінде автоматтандырылған құрылғы немесе көлік құралы делінген.

 ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы » Кодексінің 194 және 195 баптарымен  POS-терминал болмауы және карточка арқылы төлемді қабыл алмау бірінші жағдайда ескерту ретінде әкімшілік жаза қарастырылған.

Құрылғының болмауы қайталану орын алған жағдайда 40 АЕК-тен 80 АЕК-ке дейін,  карточка арқылы төлемді қабыл алмау қайталанған жағдайда 100 АЕК әкімшілік айыппұл қарастырылған.

 

Ақтөбе облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті