Жарияланған күні: 18.04.2017 18:40
Өзгертілген күні: 18.04.2017 18:41

«Өз  салық берешегін Біл және Төле» акциясы

Ақтөбе қаласында «Өз  салық берешегін Біл және Төле» акциясы басталды. Шараның мақсаты қала тұрғындары төлемей жүрген жер, мүлік, көлік салықтарын өндіру. Ақтөбе қаласының мемлекеттік кірістер органы өткен жылғы салықтарды тез арада төлеуге шақырады, төлемеген жағыдайда сот орындаушылар арқылы мүлкі тәркіленіп, жалақыдан өндіру, көліктері айыппұл тұрағына қойылады.

Сонымен қатар, салық бойынша берешек елден шығуға тыйым салуға себеп болуы мүмкін.

Берешекті kgd.gov.kz сайтынан  «Электрондық сервистер» - «Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» тексеруге болады.