Жарияланған күні: 06.04.2017 18:01
Өзгертілген күні: 06.04.2017 18:02

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі ойын бизнесі саласындағы лицензиясыз қызмет асыру фактілерін анықтау және жолын кесуге бағытталған мақсатты  және жедел-іздестіру іс-шараларын откізуде.

Сонымен,2016 жылы ойын бизнесі саласында 16 сотқа дейінгі өндіріс істері тіркелген,өндірісте 27 іс,соның ішінде 10 іс өндіріспен аяқталған.

Ағымдағы жылдың басынан бері өндірісте 4 іс, оның ішінде 2 іс өндіріспен аяқталған. Өндірісте 3 іс бар.

Мысалы,сотқа дейінгі өндірісте ҚР ҚК-нің 307-бабы 1 бөлігімен қарастылыған «Ойын мекемесiн заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесi саласындағы қызметтi заңсыз ұйымдастыру, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар беру не Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу не ойын бизнесі саласындағы қызметі лицензиясыз жүзеге асыру» көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша «Н» азаматқа қатысты іс тергелуде, ол пайдакүнемдік ниетпен 2016 жылдың 27-ші қыркүйегінде Ақтөбе қ. Кобозева к-ші,106 уй мекен –жайында орналасқан үй-жайды жалдау жөніде «Т» азаматшамен шарт жасасып,заңсыз ойын мекемесін ашып,қамтыған. Осы мақсатта, интернет желісі арқылы ойындарды жүргізу және ұйымдастыру мақсатында - 4 дана жүйелік процессор,чектерді беретін аппарат,штрих-кодтар үшін сканер және плазмалық монитор сатып алған.Сатып алынған техникалық құралдардың жұмыс істеуі үшін , азамат «Н»  хабарландыру арқылы бағдарламашы жалдаған,ол  сайттарға  тез кіру үшін  «Mozila FireFox» компьютерлік бағдарламасын,қашықтықтан басқару үшін «TEAM VIEBER« бағдарламасын, ойын сайттарына кіріп, ставкаларды қабылдау және ойын ұтысындағы ақшаны алуды жүзеге асыру үшін «inbetVProducts» бағдарламасын қондырған.

         Содан соң, азамат «Н» интернет арқылы құмар ойындарды өткізетін ресми сайт тауып,заңсыз болып танылған,осыған байланысты Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған  «Inbet.cc» бағдарламалық онімін ставкаларды қабылдау үшін жүйелік процессорге қондырады.

Сонымен, азамат «Н» 2016 жылдың қараша айы мен 2017 жылдың 2ші наурызы арлығында заңсыз қызмет түрімен айналысқан.

2016 жылы 9 сәуірде «Лоторея және лоторея қызметі туралы»
Қазақстан Республикасы Заңы қабылданып,2016 жылы 1 мамырдан басап қолданысқа енгізілгені  белгілі. Лицензиат заңының 17 бабына сәйкес , Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу саласындағы қызметті жүзеге асыратын лицензиаттар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде бас жүлделерді қоса алғанда, тиісті лотереялардың жүлде қорларын толық ұтысқа салу, ұтыстарды төлеуді жүргізуге және жүлде қорын ойнату өткізілмеген, сатылған лотерея билеттері, түбіртектер немесе өзге де құжаттар үшін ақшаны қайтаруға міндетті. Осылайша,Заңның қолданысқа енгізілген күннен бастап (01.11.2016 жылдан бастап )алты ай откен соң ,барлық ұйымдастыру және лотерея откізу лицензияларының әрекеттері тоқтатылады.

2017 жылы 3ші наурызда сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде  Ақтөбе облысы бойынша МКД ЭТҚ-нің қызметкерлері оперативті сатып алу барысында С азаматқа сериясы және номері АД 8526057 ,1 дана 1000 теңге ақша номиналы табысталып,содан соң  «Кено» ойынына 500 теңге және 200 теңгеге екі ставка қойылған. Орнына кассир-оператордан екі чек алынған,кейін,аталған ақшалай қаражат тінту жүргізу кезінде ойын орны кассасынан табылған,осылайша,көрсетілген іс-шарамен ойын бизнесінің заңсыз жұмысы анықталды және құжатталды.

Сарапшы қорытындысына сәйкес,зерттеуге ұсынылған қатқыл магнитті дискінің жүйелік блогында «inbet.cc» сайтына тез кіру үшін  «Mozila FireFox», «Google Chrome»  браузерлерінің жапсырмалары табылған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу ісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.