Жарияланған күні: 16.04.2015 16:35
Өзгертілген күні: 16.04.2015 16:37

          «Барлықтарыңа белгілі 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы акциясы өтуде.

        Бұл Мүлікті жария ету акциясы, алдағы жылдарда енгізілетін, жалпыға бірдей кірісті декларациялау бойынша алғашқы дайындық. Егерде барлық азаматтар өздерінің көлеңкелі айналымдағы жинақтарын және жылжымайтын мүліктерін 2015 жылдың 1 желтоқсанына дейін жария етіп үлгерсе, онда жалпыға бірдей кірісті декларациялау кезінде сұрақтар туындамайды.

           Сондай-ақ Жария ету акциясы біздің елімізде 3-ші қайтара өтуде. 2001 жылдары ақшалай қаражат жария етілсе, 2006-2008 жылдары да ақшалай қаражатты жария етті. Сонымен қатар жылжымалы және жылжымайтын мүліктер жария етілді. Бұл жария ету акциясында Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың мүліктерін жария етеді.  бұнда автомашина және жер учаскесі жария етілмейді.

          Сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде орналасқан жылжымайтын мүліктер бойынша мүліктің сатып алу құнының немесе бағалау құнының он пайызы жергілікті Мемлекеттік кірістер басқармасына 206110 бюджеттік кодына төленеді.

          Бүгінгі күнде жергілікті Акиматтарда 1656 жылжымайтын мүлік жария етілді. Барлық тұрғындар, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ҚР аумағынан тыс жерлерде орналасқан жылжымайтын мүліктеріңді 31 желтоқсан 2015 жылға дейін жария етіңіздер.