Жарияланған күні: 24.10.2017 16:10
Өзгертілген күні: 24.10.2017 16:11

2017 жылдың 20-шы қазанында Ақтөбе қаласында ҚР Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ұйымдастыруымен «Мұнай газ саласында салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту, сондай-ақ мұнай мен газдың көлеңкелі айналымына қарсы күрестің тиімділігі бойынша іс-шаралар» атты форумы өткізілді.

 Форумда көтеріліп отырған энергия ресурстарының көлеңкелі айналым проблемасы біздің еліміздің экономикасы үшін өте маңызды болып табылады, себебі ол бюджеттің кіріс бөлігін толтыруға ықпал етеді.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымына үш бөлімше: салық, кеден бөлімшелері және Экономикалық тергеу қызметі кіреді.

Құқық қорғау практикасының талдауына сәйкес қазіргі уақытта мұнай көлемін заңсыз сатып алу және өткізудің мынадай бағыттары бар:

1) Мұнайды есепке алу құралынсыз тікелей өндіру (сынамалық пайдаланудағы, есепке алынбаған, бұрғылау тоқтатылған кен орындарында);

2) Орнатылған есепке алу құралдарынан тыс мұнай өндіру (орнатылған есептеуішке дейін әртүрлі жолмен заңсыз ойып);

3) Жеке қажеттілігі үшін мұнайды есептен шығару;

4) Жоғалған мұнайды есептен шығару;

5) Осындай мұнайды мұнай құю терминалдарына және сақтау орындарына оларды тасымалдау және тапсыру арқылы заңдастыру, кейін оларды заңды түрде сияқты мұнай өңдеу кәсіпорындарына өткізу;

6) Жасырын мұнай өнімдері түрінде жалған құжаттарды пайдаланып заңсыз мұнайды өткізу;

7) Заңды өндірілген мұнай экспортын жасырын мұнай өнімдері түрінде бюджетке салықтар мен кедендік төлемдерді төлеуден жалтарумен оны қайта өңдеу .

Мұнайдың көрсетілген санатының заңсыз көлемінің туындауына қарсы күресте тиімді әдіс құқық бұзушылықты анықтау және олардың туындауына жағдай жасаудың алдын алуға бағытталған жедел іс-шараларды өткізу болып табылады.

Мұнайдың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл шараларының бірі мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне ұқсас бензин (оның ішінде авиациялық) дизель және мазут бойынша шикі мұнай және шикі мұнай өнімдеріне арналған ілеспе жүкқұжаттарын енгізуге болар еді. Мәселен, бүгінгі күні көрсетілген мұнай өнімдерінің бірде-бір партиясы көтерме саудада мұнай өнімдеріне арналған ілеспе жүкқұжаттынсыз өткізілмейді.

Көрсетілген құжаттың көмегімен мұнай өнімдерінің қозғалу жолын оңай бақылауға және оның заңсыз шығарылуын анықтауға болады. Практикада ілеспе жүкқұжаттарына талдау жасау жолымен күмәнді шығарылған дизель отынын заңдастырудың ірі схемасы ашылды және сотқа дейін жеткізілді.

Қазіргі уақытта ЕБА барлық 17 МӨЗ орнатылды, деректер нақты уақыт режимінде «ҰАТ» АҚ-на беріледі.

Мұнай және мұнай өнiмдерi айналымының проблемалы мәселелерінің бірі Қазақстаннан Қырғызстанға заңсыз шығару болып отыр.

Қырғызстаннан заңсыз шығарып әкетуге Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы мұнай және мұнай өнімдерін жеткізту саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы Келісімнің жоқ болуынан.

Мұнай өнімдері экспорты көлемінің төмендеуі нәтижесінде 2016 жылы болжамдалған бюджет шығыны 25 млрд. теңгені құрады.

 

Комитеттік Экономикалық тергеу қызметінің өндірісінде 2015 жылдан бастап 2017 жылғы қыркүйек  кезеңі ішінде олардың шығырылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнай өнімдерін тасымалдау, өткізу, сақтау фактісі (ҚР ҚК 197-бабы) бойынша 421 қылмыстық іс бар, олардың ішінде 2015 жылғы – 155 қылмыстық іс, 2016 жылы – 166, 2017 жылғы 9 айда – 100.

Ағымдағы жылғы 9 айда анықталған шығын сомасы 34,7 млн. теңгені (2016ж. – 74,9 млн. теңге) құрады.  Тәркілеуге жататын, тыйым салынған мүлік сомасы 15,5 млн. теңгені (2016ж. – 12,1 млн. теңге) құрады.

Бұдан басқа, ЭТҚ ағымдағы жылда жер қойнауын пайдаланумен байланысты өзге қылмыстар бойынша СДТБТ 18 материал тіркелді,

Көрсетілген қылмыстық істер бойынша анықталған залал сомасы 634,6 млн. теңгені құрады, өтелген залал сомасы - 155,8 млн. теңгені құрайды.

Заңсыз айналымнан 1,3 млн.тонна мұнай өнімдері 81,7 млн.теңге құнымен алынды.

Энергия ресурстары нарығының Қазақстан экономикасына елеулі әсерін есепке ала отырып, Комитет аталған салада бақылау мен талдауды тұрақты түрде жүзеге асырады.

Жазылған проблемалық мәселелерді есепке ала отырып, Комитет мыналарды ұсынады

1. Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерімен – бензинмен (оның ішінде авиациялық), дизельмен және мазутпен аналогы бойынша шикі мұнай мен шикі мұнай өнімдеріне арналған ілеспе жүкқұжаттарын жүргізуді.

2. Ілеспе жүкқұжаттарының енгізілуін, олардың қозғалысын есепке алуды және бақылауды жүргізетін мұнай айналымына бақылау жөніндегі уәкілетті органды (Энергетика министрлігі ұсынылады) айқындауды.

3. Мұнайды өндіру және айналым саласындағы субъектілердің бақылаушы есептеу аспаптарын орнатуды.

4. Қазақстан Республикасынан ЕАЭО мүше мемлекетке мұнай, мұнай өнімдері мен газ – стратегиялық маңызды тауарларды әкету кезінде міндетті статистикалық декларациялау жүргізуді.

5. Қазақстан Республикасында экспорт кедендік бажы салынатын тауарларды санкцияламай әкетуге жол бермеу бойынша практикалық шаралар қолдануды (Қырғыз Республикасының үкіметімен Келісімге қол қою).

6. Мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу үшін Ресей және Өзбекстан құқық қорғау органдарымен бірлесіп қолда бар Келісімдер шеңберінде бірлескен операциялар жүргізуді. Энергия ресурстарын заңсыз әкету фактілері мен схемалары туралы ақпараттармен алмасуды.

7. Келтірілген залал сомасына байланысты ҚР ҚК 197-бабында еселеу айыппұлдарын жүргізуді. Мысалға, келтірілген залал (3-б.) сомасынан          20 (1-б.), 100 (2-б.) 200-еселенген мөлшерде.