Жарияланған күні: 29.08.2019 17:25
Өзгертілген күні: 29.08.2019 17:33

5 жыл бұрын 2014 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті бір мемлекеттік орган болып біріктірілді – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.

Осы күннен бастап екі ірі мемлекеттік орган біртұтас болып, өздерінің өкілеттіктерін кеңейтіп, кеден ісі саласындағы бақылау функцияларын, салықтар мен кедендік және басқа бюджетке міндетті төлемдердің толық, уакытында түсіун қамтамасыз ету,  этил спирті мен алкоголь өнімдерінің, темекі өнімдерінің өндірісін, айналымын, мұнай өнімдері мен биоотынның жекелеген түрлерінің айналымын  мемлекеттік реттеу, оңалту және банкроттық саласында мемлекеттік реттеу мен бақылауды тиімді жүзеге асыруда.   

Мемлекеттік кірістер органдары салық саясатын, кеден ісі саласындағы саясатты іске асырады, Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу салсының тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы алып өту, оларды Кеден одағының бірыңғай кеден аумағы арқылы кеден бақылаумен тасымалдау, уақытша сақтау, кедендік декларациялау, шығару және кедендік

рәсімдерге сәйкес пайдалану мәселелерін қарастырып, іске асыру тетіктерін әзірлеуде белсенділік танытуда.   

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің музейлерінде салық және кеден блоктарының қызметі туралы құнды тарихи экспонаттар мен құжаттар ұқыпты сақталуда. 

Қазіргі қызметкерлер буыны мекеме тарихы туралы ардагерлер мен аға буынның айтқан естеліктері мен осы музей жәдігерлері арқылы танысады.  Ұжымның қоғамдық өмірінде болған тарихи сәттерді бейнелеген фотосуреттерді, бұрынғы құжаттарды, сарғайған нормативтік актілерді парақтай отырып көптеген жәйттерге қанық боласын.  Ал алғашқы нысанды киімдерді киіп қараған сәтте ойша сол бір жылдарға саяхат жасай отырып, өз қызметіне деген мақтанышты сезінуге болады.  Кеден шекарасын қорғау барысында кеден бекеттеріндегі контрабандамен күресудің айғағы ретіндегі ұсталған экспонаттар қызметтің қаншалықтты ауыр әрі қауіпті болғанын көрсетеді. Мысалы, бір «золушканың» туфлиі, оның тақасының қуысына жасырылған доллар купюралары ерекше назар аударады...

Онан басқа, қабырғада сіресіп тұрған кубоктар мен медальдар, басқа да наградалар  екі саланың да қызметкерлері спорттық рухы биік тұлғалар екенін дәлелдеп, бүгінге дейін спорттық жарыстардағы жеңістер туралы  сыр шертеді.

 

Ақтөбе облысы бойынша МКД