Жарияланған күні: 28.03.2018 12:08
Өзгертілген күні: 28.03.2018 12:12

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды: Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (одан әрі – Салық кодексі) 93 бабына сәйкес,  мәжбүрлі тәртіппен қызметін тоқтатуға бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

1) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін, бірақ осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен кем болмайтын мерзімде:

салықтық есептілікті ұсынбаған;

экспорттық-импорттық операцияларды жасамаған;

егер күнтізбелік жыл ішіндегі төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын жалақының 12 еееленген ең төмен мөлшерінен аспайтын жағдайларды қоспағанда, банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін және (немесе) әлеуметтік төлемдерді алуды жүзеге асырмаған;

қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

2) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша:

қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

осы Кодекстің 213 және 214-баптарында айқындалган тәртіппен салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрмаған;

жеке тұлғалардан мүлік, көлік құралдары салықтары, жер салығы, бірыңғай жер салығы салынатын объектілерді қоспағанда, меншік қүқығында көрсетілетін салықтар салынатын объектілер жоқ;

әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;

салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтар бойынша салықтық берешегі жоқ:

  • резидент- заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері;
  • бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері;
  • қызметін құрылымдық бөлімше ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар;
  • дара кәсіпкерлер жатады.

 

Осыған орай салық органдарының мәжбүрлі түрде таратуға жататын салық төлеушілер туралы  құрған тізімін Ақтөбе облысының мемлекеттік кірістер департаментінің web-порталының   (akb.kgd.gov.kz)  жүйесінен келесідей тәртіппен - «Департамент туралы»-«Мемлекеттік қызмет көрсету» - «Мәжбүрлі түрде таратуға жататын салық төлеушілер тізімі» салықтөлеушінің тіркелу бойынша салық органынынан белгіленгенін көре аласыз.

Кредиторлар және (немесе) мәжбүрлі түрде тарату кезінде  құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын өзге де тұлғалар календарлық жылдың 1 маусымына дейін  өтініштерімен (наразылықтарымен) келесі мекенжайлар бойынша хабарласуына болады:

1    Алга ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы          Актөбе облысы., Алга ауданы, Алга қаласы,  Батурсынова көшесі 15-үй

2    Каргалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы    Актөбе облысы, Каргалы ауданы, с. Бадамша , Айтеке би көшесі , 32-үй

3    Мугалжар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Актөбе облысы, Мугалжар ауданы, Кандыагаш қаласы, Жамбыл көшесі, 68 А үй

4    ОЙыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы        Актөбе облысы Ойыл ауданы , Ойыл селосы, Кокжар көшесі,  47-үй

5    Хобда ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы        Актөбе облысы, Хобда ауданы , с. Хобда ,  Пятковски тұйығы,  7-үй

6    Хромтау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы    Актөбе облысы, Хромтау ауданы , Хромтау қаласы , Джамбул көшесі ,  38-үй

7    Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы       Актөбе облысы ,  Актобе қаласы, Маресьев , көшесі 97-үй, каб 2, каб 10

8    Мартук ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы      Актөбе облысы, Мартук ауданы , с. Мартук , Мазкова  көшесі, 6-уй