Жарияланған күні: 14.08.2017 13:42
Өзгертілген күні: 14.08.2017 13:49
          Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде 2017 жылдың 14 тамызында 2017 жылдың жарты жылдық және тоқсанның қорытындысы бойынша және 2017 жылдың 9 ай міндеттері бойынша кеңейтілген жиын өткізілді.
         Жиында 2017 жылдың 1 жарты жылдық  мемлекеттік бюджеттің орындалуы және де салықтық, кедендік әкімшіліктендіру, Экономикалық тергеу қызметі жұмыстарының қорытындысы қаралды.
            2017 ж. 1 жартыжылдығының қортындысы бойынша Ақтөбе облысының салық және басқа да міндетті төлемдердің  жалпы  түсімі  238,7  млрд.теңге  кұрады.  Соның  ішінде  Ұлттық қорға 69,0 млрд.теңге түсті.
          Мемлекеттік бюджеттің жартыжылдық болжамы 114,5% орындалды, бекітілген жоспары 148,3 млрд.тенге, нақты түсімі 169,7 млрд.тенге немесе болжам көрсеткішінен 21,4 млрд.теңгеге артық түсті.
            Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті болжам көрсеткіштерін орындау, қосымша резервтерді анықтау максатында салық, кедендік және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке толық түсуіне әкімшелендіру шаралары жасалды, соның нәтижесінде қосымша 1,7 млрд.теңге түсім қамтамасыз етілді.

          

                                                                                                                                                                                       Ақтөбе облысы бойынша
                                                                                                                                                                                       мемлекеттік кірістер департаменті