Жарияланған күні: 05.05.2017 16:38
Өзгертілген күні: 05.05.2017 17:09

Қорытындыланды, міндеттері айқындалды

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде 2017 жылдың 1 тоқсанның қорытындысы және 1 жарты жылдықтың міндеттері бойынша кеңейтілген жиын өткізілді.

Тоқсандық есеп бойынша Кедендік бекет  және аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары есеп берді.

2017 ж. 1 тоқсанының қортындысы бойынша Ақтөбе облысының салық және басқа да міндетті төлемдердің  жалпы  түсімі  100,6  млрд.теңге  кұрады.  Соның  ішінде  Ұлттық қорға 26,9 млрд.теңге түсті.

Мемлекеттік бюджеттің жартыжылдық болжамы 126,7% орындалды, немесе болжам көрсеткішінен 15,5 млрд.теңге артық түсті.

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті болжам көрсеткіштерін орындау, қосымша резервтерді анықтау максатында салық, кедендік және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке толық түсуіне әкімшелендіру шаралары жасалды, соның нәтижесінде қосымша 822,3 млн.теңге түсім қамтамасыз етілді.

 

Ақтөбе облысы бойынша  

   мемлекеттік кірістер департаменті