Жарияланған күні: 21.05.2020 11:04
Өзгертілген күні: 03.06.2020 18:14
      2020 жылғы 12 мамырдан бастап Мемлекеттік кірістер комитеті Бірыңғай Кассалық Машина фискалдық чегін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы басталғаны туралы хабарлайды. 
       «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясына кез-келген үміткер қатыса алады. Барлық жолданған өтініштер мемлекеттік кірістер органдарында  қаралады.
Wipon» мобилді қосымшасына тегін App Store немесе Play market-тен жүктеп алып, фискалды чекті бермеу бұзушылық фактілері туралы хабарлауға болады. Фискалды чекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефонның теңгеріміне  бір мың теңге (1000 теңге) сыйақы алуға болады.
      Өткен 2019 жылғы акцияға қатысқан азаматтардың хабарлауы бойынша акция жүргізу барысында  940 дерек расталды, оларға 940 мың теңге сомасында сыйақы төленді.
      Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын өздерінің азаматтық ұстанымын, заң бұзушылыққа төзбеушілігін білдіруге және «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясына белсенді түрде қатысуға шақырады.