Жарияланған күні: 27.06.2018 16:08
Өзгертілген күні: 27.06.2018 16:10

Жер қойнауын пайдаланушының салықтық кезеңде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.

Салық салу объектісін айқындау мақсаттары үшін жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын минералды шикізат қорларының есептік және жиынтық баланстарында пайдаланылатын өлшем бірліктері қолданылады.Пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық салу объектісін өндірілген пайдалы  қазбаның нақты көлемін өлшеу бірлігін айқындау кезінде белгілейді.

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы мынадай жағдайларда:

1) жер қабатының қысымын ұстап тұру үшін жерасты суларын жер қойнауына кері айдаған (техногендік суды сорып алған) кезде;

2) пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру кезінде ілеспе өндірілген (ілеспе алынған, сорып алынған) жерасты суларын (шахталық, карьерлік, кеніштік) төгу кезінде;

3) меншік құқығында, жер пайдалану құқығында және жерге арналған өзге де құқықтарда өзіне тиесілі жер учаскесінде жерасты суларын өндіруді жүзеге асыратын жеке тұлға өндірілген жерасты сулары кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылмаған жағдайда төлемейді;

4) өзiнiң шаруашылық мұқтаждықтары үшiн мемлекеттік мекемелер өндiретін жерасты сулары бойынша төленбейді.

Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері

1. Кең таралған пайдалы қазбаларға және емдік балшыққа арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері өндірілген кең таралған пайдалы қазбалар және емдік балшық көлемінің бірлігі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіштің мөлшері негізге алына отырып есептеледі және мыналарды құрайды:

Р/с

Пайдалы қазбалардың атауы

Мөлшерлемелер, АЕК-пен

1

2

3

1.

Метаморфалық жыныстар: мәрмәр, кварцит, кварцтық-далалық шпат жыныстары

0,02

2.

Магмалық тау жыныстар: гранит, сиенит, диорит, габбро, риолит (липарит), андезит, диабаз, базальт, вулкандық туфтар, шлактар, помпалар, вулкандық шынылар және шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан)

0,02

3.

Шөгінді тау жыныстары: жұмыртастар мен қиыршықтас, қиыршықтас-құмды (құмды-қиыршықтасты) қоспа, құм және құмтастар, саз және сазды жыныстар (саздақтопырақ, алевролиттер, аргиллиттер, саздытақтатастар), ас тұзы, гипстік жыныстар, мергельдер, әктастар, оның ішінде қабықшалар, борлы жыныстар, доломиттер, әктас-доломитті жыныстар, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), табиғи пигменттер, шымтезек

0,04

4.

Емдікбалшық

0,02

 

 

Сондықтан, 2018 жылы КТПҚ қазылған пайдалы қазбалардың бір көлемі 48,1 немесе 96,2 мөлшерде қолданылады.

2. Жерасты суларына арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері өндірілген жерасты суының 1 текше метрі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіштің мөлшері негізге алына отырып есептеледі және мыналарды құрайды:

 

Р/с

Пайдалықазбалардыңатауы

Мөлшерлемелер, АЕК-пен

1

2

3

1.

Осы кестенің 2-14-жолдарында көрсетілген жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы өндірген жерасты суы

1,000

2.

Табиғи монополия субъектісі болып табылатын жер қ ойнауын пайдаланушы өндірген және ол Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес су тұтынушыларға және сумен жабдықтау жөніндегі ұйымдарға суменжабдықтау қызметтерін көрсету үшін пайдаланған жерасты суы

0,001

3.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісіне өткізген жерасты суы

0,001

4.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол:

 

4.1.

Пайдалы қазбалардың басқа да түрлерін өндіру (оның ішінде бастапқы қайта өңдеу) және қайта өңдеу кезінде және (немесе) ол басқа жер қойнауын пайдаланушыға пайдалы қазбалардың басқа да түрлерін өндіру (оның ішінде бастапқы қайта өңдеу) және қайта өңдеу кезінд е соңғысы пайдалану үшін көлемі есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен келісілген құжатта көрсетілген, сумен жабдықтау жүйелері бойынша ісжүзінде берілген су шегінде пайдаланған жерастысуы

0,003

4.2.

Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскерлерге санитариялық-гигиеналық еңбек жағдайларын жасау жөніндегі міндеттерді орындауы үшін, оның ішінде санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды (кір жуатын орындарды, дәретханаларды, жуыну, шайыну орындарын) қамтамасыз ету үшін пайдаланған жерастысуы

0,003

5.

Пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру кезінде ілеспе өндірілген (ілеспе алынған, сорып алынған), жерқойнауын пайдаланушы техникалық сумен жабдықтау және басқа да өндірістік мұқтаждықтар үшін өткізген немесе пайдаланған жерастысуы (шахталық, карьерлік, кеніштік), өндірістік-техникалық жерасты суы

0,003

6.

Жерқойнауын пайдаланушы өндірген және ол медициналық қызметті, жұмыскерлердің, олардың отбасы мүшелерінің, өзара байланысты тараптардың жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелерінің демалысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ жұмыскерлердің қоғамдық тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін осы Кодекстің 239-бабында айқындалған әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде пайдаланған жерастысуы

0,003

7.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және өңірдің әлеуметтік саласын дамыту жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерді орындау шеңберінде жүзеге асырылатын әлеуметтік сала объектілерін күтіп-ұстау үшін ол пайдаланған жерастысуы

0,003

8.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлердің жұмыс өндірісі объектісінде болу кезеңінде олардың тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындау үшін ол пайдаланған жерасты суы

0,003

9.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ауылшаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) оны қайта өңдеу үшін пайдаланған жерасты суы

0,003

10.

Санаторий-курорттық ұйым (санаторий, профилакторий) болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу жөніндегі қызметтер көрсету үшін ол пайдаланған жерасты суы

0,003

11.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу жөніндегі қызметтерді көрсету үшін ол санаторий-курорттық ұйымдарға (санаторийлерге, профилакторийлерге) өткізген жерасты суы

 

0,003

12.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес туристерді орналастыру орындарын пайдалануға беру үшін ол пайдаланған жерасты суы

 

0,003

13.

Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес балалардың сауықтыру лагері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және балалардың сауықтыру лагерінің жұмыс істеу мақсаттары үшін ол пайдаланған жерасты суы

0,003

14.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және алкоголь өнімін, тамақ өнімін және (немесе) алкогольсіз сусындар өндіру үшін ол пайдаланған минералды жерасты суы, шаруашылық-ауыз суға арналған жерасты суы (4.2, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12,
13-жолдарда көрсетілген мақсаттарға пайдаланылған жерастысуын қоспағанда)

0,250

3. Өндірілген жерастысуын бөлек есепке алу болмаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында белгіленген жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелерін қолдану мақсатында мөлшерлеменің ең көп мөлшері қолданылады.

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салықтық кезең күнтізбелік тоқсан болып табылады.

Салық төлеушi салықтың есептелген сомасын тұрған жерiндегі бюджетке салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың 25-күнінен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.

Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларацияны тұрған жеріндегі салық органына салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың 15-күнінен кешiктiрмей тапсырады.

Қосымша хабарлаймыз, ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы «12» ақпандағы № 166 бұйрығына сәйкес 590.03 «Жер асты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу», 590.04 «Кең таралған пайдалы қазбаларға және шипалы  балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу».

Камералдық бақылау  басқармасы

Ақтөбе облысы бойынша МКД