Жарияланған күні: 07.08.2019 16:52
Өзгертілген күні: 07.08.2019 19:12

Автокөлікті тексеру кезінде қарбыздың астынан акциздік маркалары мен құжаттары жоқ темекі табылды.

 

"Жайсан" шекара автобекетінде Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері ҚР ҰҚК қарулы күштер бөлімі-2030 шекара қызметкерлерімен мемлекеттік шекарадан өткен Volvo маркалы автокөлігіне тексеріс жүргізді. Автокөлікті тексеру кезінде қарбыздардың астынан акциздік маркалары мен товарлық ілеспе-жүк құжаттары жоқ 612 500 қорап темекі табылды.

Осы факт бойынша барлық материалдар ҚР Қылмыстық Кодексінің 233, 234 баптарына сәйкес Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу Департаментіне берілді.