Жарияланған күні: 21.01.2020 18:24
Өзгертілген күні: 22.01.2020 12:25
       Іс-шараның басты мақсаты – Қытай халық Республикасынан (бұдан әрі - ҚХР) келетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік әкімшілдендіру туралы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ақпараттандыру деңгейін көтеру.
       ҚХР бас кедендік басқармасы (бұдан әрі – ҚХР БКБ) мен ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - МКК) арасында қазақстан – қытай шекарасы арқылы көлік құралдарын жедел өткізу және кедендік бақылаудың тиімділігін көтеру мақсатында, 2019 жылдың 24 желтоқсаннан бастап автокөлік құралдарымен тасымалданатын тауарларға қатысты экспорттық декларациялардан өзара мәлімен алмасу жүзеге асырылады.
       Аталғандарға байланысты, ҚХР экспорттық тауарлар декларациясы мен Қазақстан Республикасымен ұсынылған тауарлар декларациясындағы бағандарындағы: тауарлар коды, атауы, бағасы, стаистикалық құны, салмағы және т.б. мәліметтеріне салыстыру жұмыстары жүргізіледі.
       Тауарлар декларациясында тауарлар мен көлік құралдары туралы нақты дұрыс мәліметтер көрсетілген жағдайда, кеден органы лауазымды тұлғасының қатысуы және кедендік тексеру жүргізуді алып тастап декларацияны «жасыл дәліз» бойынша өткізуге болжам жасайды, бұл қаржылық шығындар мен кедендік ресімдеуге шығындалған уақытты үнемдеуге мол үлес болып табылады.
       Сондай-ақ, ҚХР экспорттық декларациясынан ТД ұсынылған дұрыс емес мәліметтер анықталған жағдайда, СЭҚ қатысушы үшін келесідей жағдайлар туындауы мүмкін: СЭҚ қатысушыны максималды тәуекелге жатқызу (ТД қызыл дәлізге орналастыру), қаржылық шығындар, уәкілетті экономикалық операторлардың, кедендік тасымалдаушының және т.б. сәйкесінше тізілімінен алып тастау.