Жарияланған күні: 23.01.2018 13:10
Өзгертілген күні: 23.01.2018 13:16

2017 жылғы 25 желтоқсанындағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (бұдан әрі – Салық кодекс) Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан туындайтын міндеттерге мониторинг бойынша есептілікті ірі салық төлеушілердің мониторигіне жататын салық төлеушілермен ұсыну қарастырылмаған.

Мониторинг бойынша есептілік 2017 жылдың 4 тоқсаны үшін салық кезеңінен кейінгі екенші айдың 25 кешіктірілмен ұсынылады және 2017 жыл үшін салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылады.

Бұдан басқа, Салық кодексінің 132 бабының 1 тармағымен  ірі салық төлеушілер мониторингін жүргізу барысында уәкілетті орган ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілерден салықтарды есептеудің дұрыстығын және салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеудiң (ұстап қалудың және аударудың) уақтылы болуын растайтын құжаттарды және жазбаша түсіндірулерді, сондай-ақ, еншiлес ұйымдарының қаржылық есептiлiгiн қоса алғанда, салық төлеушiнің (салық агентінің) қаржылық есептiлiгін ұсынуды талап етуге құқылы екендігі қарастырылған.

Осы ретте Салық кодексінің 18 бабының 2 тармағына сәйкес, салық органдарының жүйесі уәкілетті органнан және оның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша, аудандар, қалалар мен қалалардағы аудандар бойынша аумақтық бөлімшелерінен, сондай-ақ ауданаралық аумақтық бөлімшелерінен тұрады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда, осы аймақтардың аумақтарында уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері құрылуы мүмкіндігіне назарыңызды аударамыз.

Яғни, аумақтық бөлімшелер уәкілетті орган болып танылмайды, сәйкесінше, салық төлеушілерге Салық кодексінің 132 бабының 1 тармағымен қарастырылған талаптарды қоюға құқылы емес.

2017-2018 жылдарға арналған ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізімі 29.12.216ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №918 қаулысымен бекітілгенін қосымша хабарлаймыз.