Жарияланған күні: 05.01.2018 13:41
Өзгертілген күні: 05.01.2018 13:44
     2017 жылдың 1қарашасынан бастап «Виртуалдық қойма» модулі «Электрондықшот-фактура» (әрі қарай – АЖ ЭШФ) web қосымшасында алғаш рет тестілеуден өтуде.
«Виртуалдық қойма» модулі-ЭШФ АЖ бір жұмысы тауарлардың қозғалуын қатаң қадағалауға алуға және автоматтық түрде қоймадағы қалдықты есептеуге мүмкіндік береді.
     2017 жылдың 4 желтоқсанында Комиттеттің (Қызмет/Салықтық әкімшілендіру/Электрондық шот фактура) порталында «Виртуалдық қойма» модулін алғашқы тестілеудің шеңберінде басты бизнес-істер модулінің  негізін ашатын API-интерфейсі шықты.  
     Бұл API-интерфейстік нұсқа тестілеуге арналған жәнеде алғашқы тестілердің аяқталуымен қорытындылай келе өзгерістер енгізіледі.
     «Виртуалдық қойма» модулін алғашқы тестілеуі салықтөлеушілердің тауарды есепке алу бойынша жасаған жалпы ұсыныстарымен сындарын есепке алу мақсатында жасалуда.
     Бұдан бөлек 2018 жылдың 31 қаңтарынан ERP жүйесінде API нұсқасының механизмінде 2017 жылдың 1 қазанына дейін істеген ЭШФ шығару мүмкіндігі өшіріледі.
     Осыған орай, электрондық шот фактураны шығару ЭШФ АЖ web-қосымшасында және API-механизмінде ЭШФ жаңа бланкісі қосылуымен жаңартылған жүйесінде іске асады.
     Салық кодексінің 263 бабының 2 тармағы 3 тармақшасына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан электрондық шот фактураны мониторлық тексеріске жататын ірі салықтөлеушілер шығаруға міндетті. 
 
Ақтөбе облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті