Жарияланған күні: 17.10.2017 19:09
Өзгертілген күні: 17.10.2017 19:14

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті электрондық шот-фактура бойынша жиі қойылатын сұрақтарға келесі сипатта түсіндіру береді.

Сұрақ. уәкілетті экономикалық операторлар, кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймалардың иелері, кеден қоймаларының иелері болып табылатын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген қызметтерге тікелей емес жатпайтын, өзгеде қызметтердің түрлері бойынша электронды шот-фактураларды жазып беруге міндетті ма?

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 263-бабының 2-тармағына сәйкес,осы баптың 2-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, шот-фактураны электронды нысанда:

1) Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық операторлар, кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймалардың иелері, кеден қоймаларының иелеріболып табылатын салық төлеушілер;

2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайлардағы салық төлеушілер беруге міндетті.

Салық кодексінің 263-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына «Әкелу кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 9 ақпандағы № 58 бұйрығымен бенітілген тізбеге (бұдан әрі - Тізбе) енгізілген тауарларды өткізетін салық төлеушілер жатады.

Аталған Тізбені Мемлекет басшылары – Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері қол қойған «Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына тауарларды алып келу мен айналдырудың кейбір мәселелері туралы хаттамалар» негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Қазақстан Республикасы үшін бекіткен болатын(Бурабай ауылы, 2015 жылғы 16 қазан).

Сонымен, Хаттаманы іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Тізбеге енгізілген тауарлардың есебін жүргізу және бақылау бойынша міндеттеме қабылдайды. 

Салық кодексінің 263-бабы 15-тармағына сәйкес, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура жазып беру мынадай жағдайларда:

1) бухгалтерлікесепжүргізгенкезденегізболыптабылатынбастапқыесепкеалуқұжаттарынқолданаотырып, коммуналдыққызметкөрсеткені, байланысқызметінкөрсеткеніүшінбанктерарқылыесепайырысужүзегеасырылған;

2) жолаушытасымалыжожүрубилетімен (осы тармақтың 3) және 3-1) тармақшаларындакөзделгенненбасқажағдайларда) ресімделген;

3) әуекөлігіндеберілетінжолаушытасымалдауэлектрондықбилетпенресімделген;

3-1) жолаушытасымалытеміржолкөлігіндеберілетінэлектрондықжолжүруқұжатыменресімделген;

4) Салықкодекстiң276-бабының 1-тармағындакөрсетілгенадамдарғатауарларды, жұмыстарды, көрсетілетінқызметтердіөткізужағдайларынқоспағанда, тауарлар, жұмыстар, қызметкөрсетуқолма-қолесепайырысуарқылыөткiзілгенжағдайдасатыпалушығабақылау-кассалықмашинаныңчегiберiлген;

5) тауар дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болыптабылмайтынжекетұлғағаөтеусізберілген;

6) Салық кодекстің 250-бабындакөзделген қызметтер көрсетілген;

7) Салық кодексінің 276-бабының 1-тармағындакөрсетілген тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларын қоспағанда, төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысу жүзеге асырылған жағдайларда талап етілмейді.

Салық кодексінің 263-бабы 16-тармағына сәйкесосы баптың 15-тармағының 1), 2) 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушiге шот-фактура жазып беру талабымен жүгінуге құқылы, ал өнім берушi бұл талапты осы баптың ережелерiн ескере отырып, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды сенім білдірілген адамы арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға мiндеттi.

 Осы баптың 15-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді алушы өнім берушіге осындай өнім беруші көрсеткен тасымалдау қызметтері бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу мақсатында әуе көлігімен ұшу фактісін растау үшін өнім берушіге жүгінуге құқылы, ал өнім беруші:

жеке тұлғаның әуе көлігімен ұшу фактісін растайтын құжатты

немесе

жазып берілуі осы баптың ережелері сақталып, оның ішінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде сенім білдірілген адамы арқылы әуе көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуді сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе әуе көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуді сатып алушы дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде жүзеге асырылуға тиіс шот-фактураны тегін жазып беруге міндетті.

Осы баптың 15-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы өнім беруші көрсеткен тасымалдау қызметтері бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу мақсатында теміржол көлігімен жол жүру фактісін растау үшін шот-фактура жазып беруді талап ете отырып, осы өнім берушіге жүгінуге құқылы, ал өнім беруші бұл талапты орындауға міндетті.

Салық кодексінің 263-бабы16-1-тармағына сәйкесосы баптың 16-тармағының талаптарын орындау мақсаттарында шот-фактураны жазып беру:

1) осы баптың 15-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көзделген жағдайларда - айналым жасалған күні немесе одан кешірек, бірақ осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағындабелгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жүзеге асырылады. Бұл ретте, шот-фактуралар айналым жасау күнінен кешірек жазып берілген кезде, көрсетілетін қызметтерді беруші шот-фактураны жазып беру күнімен қатар айналым жасалған күні қолданыста болған мөлшерлеме бойынша есептелген салықты көрсете отырып, өткізу бойынша айналым жасалған күнді көрсетеді;

2) осы баптың 15-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда - тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу орны бойынша айналым жасалған күні немесе одан кешірек, бірақ Салық кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 301 бұйрығымен бекітілген, Электронды түрде жазылып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы ережесінің (бұдан әрі - Ереже) 78-тармағының, бақылау-касса машиналардың чектерін ұсына отырып, Тізбеге енгізілген тауарларды жеке тұлғаларға өткізген кезде жеткізуші мұндай тауарларға «Алушының деректемелері» деген С бөлімінде жеке жолдарды толтыра отырып, тауардың әрбір түрі бойынша бір күн ішіндегі барлық айналымға ЭШФ жазып береді:

«Алушы» деген 17-жолда - «Жеке тұлға» (бұл жол автоматты түрде толтырылады);

«Орналасқан жерінің мекенжайы» деген 18-жолда - «Бөлшек сауда» (бұл жол автоматты түрде толтырылады);

«Алушының деректемелері» С бөлімінің «Алушының санаты» 20-жолының «I» торкөзіне  - белгі қойылады.

Қажет болған жағдайда бірнеше ЭШФ жазылып берілуі мүмкін.

Жоғарыда жазылғандар негізінде, авиация қызметтерін жеткізуші Салық кодексінің 263-бабының 2-тармағында көзделген салық төлеушілердің санатына түсіп қалған жағдайда, ондай салық төлеушілер шот-фактураны электронды нысанда беруге міндетті.

Бұл ретте, егер шот-фактура электронды нысанда Салық кодексінің 263-бабының 15-тармағындағы ережелерге сәйкес берілмесе, онда қызметтерді жеткізуші қызмет алушы жүгінген жағдайда айналым орындалған күні немесе кейін, бірақ Салық кодексінің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қою мерзімі шегінде, тек қана электронды түрде шот-фактура жазып беруге міндетті.