Жарияланған күні: 02.06.2017 18:16
Өзгертілген күні: 02.06.2017 18:19

 

      Қазіргі уақытта уәкілетті органдар «Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 77 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы» бұйрығының жобасы әзірленді. Осыған байланысты электрондық шот-фактураның нысанын, толтыру ережелерін, құжат айналымының қағидаларын өзгерту жоспарлануда. Жобаға сәйкес электрондық шот-фактураның нысанына өзгертулер 2017 жылдың 1 қазанынан бастап енгізіледі.
      Электрондық шот-фактураның нысанына және толтыру ережелеріне негізгі өзгертулерге көз жүгіртіп өтсек.

      Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуді растайтын құжаттардың деректемелерін (F бөлімі), жеткізушінің банк деректемелерін (В1 бөлімі), жеткізушінің сенім білдірілген адамының (оператордың) деректемелерін (I бөлімі), сатып алушының сенім білдірілген адамының (оператордың) деректемелерін (J бөлімі) көрсету үшін жаңа бөлімдер қосылды.

     Тізбеге енгізілген импортталған және өндірілген тауарларды, Тізбеге енгізілмеген импортталған тауарларды және басқа тауарларды бөлу үшін тауар, жұмыс, қызмет шыққан көрсеткіштерін көрсету мүмкіндігі енгізілді:

  • «1» - Қазақстан Республикасының аумағына Тізбеге енгізілген ЕАЭО мүше мемлекеттерінен және үшінші елдерден әкелінген тауар іске асырылған жағдайда. Егер бұрын тауар ЭШФ бұрынғы нұсқасымен сатып алынса, 12 «Қосымша мәліметтер» жолында «ЕТТ», «ВТО», «ТС» әріптік мағыналары көрсетілсе, сол тауар «1» белгісіне қатысты;
  • «2» - Қазақстан Республикасының аумағына Тізбеге енгізілмеген ЕАЭО мүше мемлекеттерінен және үшінші елдерден әкелінген тауар іске асырылған жағдайда;
  • «3» - Қазақстан Республикасында өндірілген Тізбеге енгізілген тауар іске асырылған жағдайда;
  • «4» - Қазақстан Республикасында өндірілген Тізбеге енгізілмеген тауар іске асырылған жағдайда;
  • «5» - «1», «2», «3», «4» белгілеріне қатысты емес тауар іске асырылған жағдайда;
  • «6» - жұмыс жасау, қызмет көрсету жағдайында.

    Жаңа деректемелер енгізілді: үлес (бірлескен қызметке қатысушылар үшін), тауарды жеткізу шарттары (Инкотермс бойынша үш таңбалы символдық код), тауар, жұмыс, қызмет идентификаторы (ЭСФ АЖ ішкі сыныптауы бойынша) және басқа да өзгертулер.

    «Қосымша мәліметтер» өрістері ЭСФ түрлі бөлімдерінде еркін мәліметтер жазу үшін босатылды. Осыдан бұрын бұл өрістерде тізбеге кіретін тауарларға мониторинг жасау үшін мамандандырылған деректер көрсетілетін.

 

Ақтөбе облысы бойынша    мемлекеттік кірістер департаменті