Жарияланған күні: 19.10.2017 11:46
Өзгертілген күні: 19.10.2017 11:59

Эксаумақтық – салық төлеушінің тіркелген немесе тұрғылықты жеріне қарамай ақ ақпаратты, қызметті немесе қызмет көрсетуді алу кезіндегі  еріктілігі.

         Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібін оңтайландыру және оңайлатуға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді эксаумақтық ұстанымда көрсетуді енгізу бойынша пилоттық жобаны қірді.

         Тіркелген немесе тұрғылықты жеріне қарамай ақ, жоғарыда көрсетілген облыстардың қалалары мен аудандары аумағында, алуға болатын пилоттық жобада көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі:

         Мемлекеттік  кірістер басқармаларында алуға болатын:

- Дара кәсіпкерді тіркеу есебі;

- Салық төлеушілерді тіркеу;

- Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі;

- Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы жеке шоттан көшірме беру;

- Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру;

- Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау);

- Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру;

- Салық есептілігін қабылдау;

- Салық есептілігін керi қайтарып алу;

- Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу;

- Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту;

- Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салумен байланысты объектілерінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі.

Мемлекеттік кірістер департаменттерінде алуға болатын:

- Қазақстан Республикасының резинденттігін растау;

- Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару;

- Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту.