Жарияланған күні: 18.11.2021 18:19
Өзгертілген күні: 18.11.2021 18:36

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен (бұдан әрі-Комитет), «Астана-1» ақпарттық жүйесініде (бұдан әрі – «Астана-1» АЖ) автокөлік құралдары бойынша «Көлік құралына арналған кедендік декларациясы» (бұдан әрі -КҚКД) және «Жолаушылар кедендік декларациясы» (бұдан әрі-ЖКД) модульдерінде жоғарыда аталған декларацияларды декларанттармен өз бетінше беру мүмкіндігіне қол жеткізу бөлігінде жетілдіру жүргізілуде.  

КҚКД мен ЖКД дербес беру мүмкіндігі үшін Сізге «Астана-1» АЖ-не кіруге рұқсат алу үшін Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  Қобландин  көшесі, 7 үй мекен жайы бойынша жүгіну қажет.(кеңсе).