Жарияланған күні: 12.09.2019 11:35
Өзгертілген күні: 12.09.2019 11:36

Шалқар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 2019 жылдың 06 ші қыркүйегінде «Чекті талап ет!» акциясының 100 жеңімпазының біреуі Айшуақ ауылдық округінің тұрғыны Абибуллин Нұрым Дәулетұлын марапаттау рәсімі өткізілді.  27.07.2019 жылғы 1475 теңгеге басылған чек ұтыс чегі болып анықталды.

2019 жылдың 1 мамырынан 8 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының барлық азаматтары «Чек талап ет-жүлде ұтып ал!» акциясына қатыса алды. Акция «Қазақтелеком» АҚның фискальдық Оператор мәліметтерімен бірге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен өткізілді.

Акцияның мақсаты азаматтық белсенділікті көтеру, тауарларды сатып алу, қызметтерді пайдалану саласында тұтынушылардың құқығын қорғау, азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономика көлемін азайту болып табылады.

Акция мерзімінде еліміздің әрбір тұрғынының ақылы қызмет алу және тауарларды сатып алу барысында смартфон иесі болуға мүмкіндігі болды. «Қазақтелеком» АҚның «Таңдау» мобильдік қосымшасының қызметі арқылы чекті тіркеу керек болатын.

Шалқар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қоблашева Нұрсауле Орынбайқызы кәсіпкерлермен заңдылықтарды сақтауда қоғамдық бақылау жасауға қатысқаны үшін Н.Абибуллинге рахметін айта отырып, құнды сыйлықтары «Айфон-7» мобильдік телефонын және «Chocomart» интернет-гипермаркетінің 159274 теңгеге сыйлық сертификатын табыстады. Сондай-ақ, марапаттау рәсіміне «Қазақтелеком» АҚның «В2В» бөлімінің маманы Шүйіншалин Нұрлы қатысты.