Жарияланған күні: 21.08.2019 18:35
Өзгертілген күні: 21.08.2019 18:42

 

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2019 жылдың 21ші тамызында «Чекті талап ет!» акциясының 100 жеңімпазының біреуі Ақтөбе қаласының тұрғыны Сметова Малика Бекболатовнаны марапаттау рәсімі өткізілуде.  07.08.2019 жылғы 2213 теңгеге басылған чек ұтыс чегі болып анықталды.

2019 жылдың 1 мамырынан 8 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының барлық азаматтары «Чек талап ет-жүлде ұтып ал!» акциясына қатыса алды. Акция «Қазақтелеком» АҚның фискальдық Оператор мәліметтерімен бірге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен өткізілді.

Акцияның мақсаты азаматтық белсенділікті көтеру, тауарларды сатып алу, қызметтерді пайдалану саласында тұтынушылардың өзінің қызығушылығын қорғау, азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономика көлемін азайту болып табылады.

Акция мерзімінде еліміздің әрбір тұрғыны ақылы қызмет алу және тауарларды сатып алу барысында смартфон иесі болуға мүмкіндігі болды. «Таңдау» мобильдік қосымшасының қызметі арқылы чекті тіркеу керек болатын.

Жеңімпазға сыйлықты Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Паяев Айбек Минаимбекович жеке кәсіпкерлермен заңдылықтарды сақтауды қоғамдық бақылау жасауға қатысқаны үшін рахметін айта отырып, құнды сыйлығымен құттықтады. Сондай-ақ, марапаттау рәсіміне Карасаева Ольга Юрьевна - «Қазақтелеком» АҚның жобаларды сату және цифрландыру бөлімінің мамасы қатысты.

 

Ақтөбе облысы бойынша

                                                                                                                                                                                                                                                                                                         Мемлекеттік кірістер дерпартаменті