Жарияланған күні: 13.04.2018 18:56
Өзгертілген күні: 13.04.2018 19:00

         Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Ақтөбе облысы әкімінің 2018 жылдың наурыз айының 26-шы жұлдызындағы «Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін және коммуналдық меншіктерін енгізу туралы» №144 қаулысын орындау барысына сәйкес 2018 жылдың сәуір айының 13 күні Ақтөбе облысының мемлекеттік кірістер департаментінде «Екінші деңгейлі банктермен бюджеттік деңгейлер арасында салықтық және салықтық емес түсімдерді бөлу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аталған шараға Екінші деңгейлі банктер мен Ақтөбе қаласы ауылдық округ әкімдіктері, Қазпошта АҚ, ҚР Ұлттық банкінің Ақтөбе облыстық филиалы қатысты.