Жарияланған күні: 30.01.2020 17:59
Өзгертілген күні: 30.01.2020 18:01
      2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Болаттан жасалған құбырлардың бөлек түрлерін импорттауда автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссияның 2019 жылғы 4 маусымдағы №90 Шешімі (бұдан әрі – Шешім) күшіне енді.
         Шешімнің №1 қосымшасындағы тізбеге сәйкес 2020 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанға дейін әрекет ететін, болаттан жасалған құбырлардың бөлек түрлерін импорттауда автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) енгізілді.
       Болаттан жасалған құбырларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастыру  Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органына Еуразиялық экономикалық комиссияның 2014 жылғы 6 қарашадағы №199 Шешімімен бекітілген «Тауарлардың бөлек түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсатты ресімдеу туралы нұсқаулыққа» сәйкес ресімделген болаттан жасалған құбырларды импорттауға рұқсатты ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
          Қазақстан Республикасында рұқсатты беруге уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі.