Жарияланған күні: 04.06.2018 16:21
Өзгертілген күні: 04.06.2018 16:22

Халықаралық балаларды қорғау күні мейрамы қарсаңында Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Мәртөк ауданының отбасы жанындағы балалар үйінің бүлдіршіндеріне қайырымдылық жасады.

Ұжым жұмысшыларынан жиналған қаражатқа велосипедтер, доптар, ыдыс аяқ  алынып және де қаржылай сертификаттар табысталды.

Балалардың ризалық күлкісі мен қуаныштары Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына алғыстай көрінді.

Аталған іс-шаралар адам құндылықтарын жоғалтпауға, мейрімділік пен ізгілікке дәріптейтіні сөзсіз.