Жарияланған күні: 12.10.2018 19:26
Өзгертілген күні: 12.10.2018 19:26

         Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратында  2018 жылғы қазан айының 10 жұлдызында (әрі қарай – Ақтөбе облысы бойынша МКД) мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізумен айналысатын кәсіпкерлермен, «ҰАТ» АҚ, Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлер палатасымен және Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен «Автомай құятын бекеттерге есеп-бақылау аспабын еңгізу туралы» сұрағы бойынша біріккен жиналыс өтті.

        Жиналысқа облыстық және аудандық мәні бар қалаларда орналасқан автомай құятын бекеттерде мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізумен айналысатын 28 кәсіпкерлер шақырылды, жиналысқа 20 кәсіпкерлер қатысты.

        Ақтөбе облысы аумағында, облыстық және аудандық мәні бар қалаларда 89 автомай құятын бекеттер орналасқан, оның ішінде есеп-бақылау аспабы 50 автомай құятын бекеттерге қондырылған.

        Жиналыс барысында, заңнамалықтардың метрологиялық және техниқалық реттеу талаптары және автомай құятын бекеттеріне есеп-бақылау аспабын қондыру барысы талқыланды.

          Қазақстан Республикасының «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес бүкіл облыстық және аудандық мәні бар қалаларда орналасқан 2019 жылдың қаңтар айының 1 жұлдызынан бастап мұнай өнімдерін, оператордың «ҰАТ» АҚ ақпараттық жүйесіне қосылған және уәкілдік органға (ҚР ҚМ МКК) реалдық уақыт режимінде ақпарат беретін мүмкіндігі бар есеп-бақылау аспабы арқылы өткізу керек.

          Келесі есеп-бақылау аспаптары қолданысқа жіберіледі, «КазИнМетр» РММ сайтында орналасқан (httr://kazinmetr.kz/), Қазақстан Республикасының Заңнамалықтарына сәйкес біртұтастық өлшемді қамтамасыз ету үшін қолданысқа жіберілген және біртұтастық өлшемді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік жүйенің реестрінде тіркелген аспаптар.

          Сонымен қатар, Сіздердің назарларыңа егерде автомай құятын бекеттерге есеп-бақылау аспаптарын қондырмаса, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізетін салық төлеушілерге Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 281 бабы 5 бөлігі 8 тармақшасына сәйкес  әкімшілік жауапкершілікке 100 ден 300 АЕК көлемінде айыппұл салынады, мұнай өнімдері тәркіленеді.

           Жиналыстың соңында, автомай құятын бекеттер мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізетін салық төлеушілерге, автомай құятын бекеттерге есеп-бақылау аспабын қондыруды және «ҰАТ» АҚ ақпараттық жүйесіне қосылу жұмыстарын қыс түскенше аяқтауды ұсынылды.