Жарияланған күні: 19.03.2020 18:45
Өзгертілген күні: 19.03.2020 18:52
     Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті барлық аумақтық органдарға баруды азайту және жеңілдету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты салық, кедендік міндеттемелерді орындауға қатысты барлық сұрақтар бойынша кеңес ала алатын байланыс орталықтары құрылғанын хабарлайды.
      МКД төтенше жағдай кезінде тұрғылықты жері бойынша немесе орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталықтарының қызметтерін akb.kgd.gov.kz веб-сайтында «Департамент туралы»/ «Азаматтарға»/ «Мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталықтарының телефондары»  жолы бойынша, сондай-ақ тізімде көрсетілген телефон нөмірлері бойынша пайдалануға кеңес береді.