Жарияланған күні: 26.03.2018 17:51
Өзгертілген күні: 26.03.2018 17:52

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 2018 жылдың 27 наурызынан бастап «Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына 2018 жылға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» 2018 жылдың 14 наурыздағы         № 122 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қолданысқа енгізіледі (2018 жылдың 16 наурыздағы № 52 (29283) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған), сондай - ақ  арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына 2018 жылға арналған ең төмен бөлшек сауда бағалары литріне 1 900 теңге мөлшерінде белгіленгенің хабарлайды.